6-бап. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі Азаматтық қорғау туралы Заңы
1. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшелерінде құрылады.
2. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметін қалыптастыруды, дамытуды және оның жұмыс істеуін уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
3. Мемлекеттік органдар, оның ішінде олардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, адамдар жаппай болатын объектілерді, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын заңды тұлғалар ақпараттық-коммуникациялық желілер мен автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады.
4. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметінің өз құзыреті шегінде авариялық және шұғыл қызметтердің, байланыс операторларының, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің дерекқорларында бар ақпаратты пайдалануға құқығы бар.
5. Жеке және заңды тұлғалардан хабарламаларын қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында "112" бірыңғай телефон нөмірі жұмыс істейді.
6. Байланыс операторлары төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған кезде қоңырау шалушы абоненттің тұрған жерін анықтау және халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне өтеусіз негізде ұсынуға міндетті.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы