⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өкілеттіктері Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өкілеттіктері Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өкілеттіктері Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

      1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 

      2) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің республикалық мемлекеттік мекемелерін, ұйымдарын, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды; 

       2-1) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жекешелендіру туралы шешімдер қабылдайды; 

      3) отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жаңғырту мақсатында құрылатын қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қорын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды; 

      4) Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi – Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия) құрады, ол туралы ережені, сондай-ақ оның құрамын бекiтеді; 

      5) уәкілетті ұйымды айқындайды; 

      6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекітеді; 

      7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекітеді; 

      8) уәкілетті органның ұсынуы бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бекітеді; 

      9) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 

      10) қару-жарақ пен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялардың және әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) айналымын, оның ішінде экспорты мен импортын бақылауды ұйымдастырады; 

      11) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекітеді; 

      11-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын бекітеді; 

      12) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекітеді; 

      13) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

      Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы