5-бап. Әскери полиция органдарының міндеттері Әскери полиция органдары туралы Заңы
1. Әскери полиция органдарына мынадай міндеттер жүктеледі:
1) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқық бұзушылық профилактикасы, оның алдын алу, анықтау, жолын кесу, қарау және тергеп-тексеру;
3) әскери қызметшілерді қамаққа алу, әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны, сондай-ақ қоғамнан уақытша оқшаулаудың өзге де шараларын орындау.
2. Қарулы Күштердің әскери полиция органдарына Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерді орындау да жүктелген.
3. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарына:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) объектілерін күзету;
2) ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қызметін үйлестіру жөніндегі міндеттерді орындау да жүктелген.
4. Әскери полиция органдарына Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзге де міндеттер жүктеледі.
Осы Заң әскери полиция органдарының қызметімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы