⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы 

       Уәкілетті орган: 

      1) тергеп-тексеруді жүргізетін органмен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 

      2) тергеп-тексеруді жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексеруге бастама жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолдану мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіреді; 

      4) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларының мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі; 

      5) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді; 

      6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; 

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы