4-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы
Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;
2) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі;
3) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;
4) өзара жауаптылық;
5) сыбайлас жемқорлықтан азат болу;
6) заңдылық.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ.
Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы