⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері  мен қағидаттары Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы

4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері  мен қағидаттары Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері  мен қағидаттары Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Заңы 

1. Балалардың ақпаратты алу және тарату құқықтарын іске асыруға байланысты туындайтын, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн олардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету;

      2) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) психологиялық жас ерекшеліктерін, ақпараттық ортаның теріс ықпалына осалдығын ескере отырып, мемлекеттің балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуі;

      2) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралардың жүйелілігі мен кешенділігі;

      3) балаларды тиісінше тәрбиелеу және толыққанды дамыту мақсатында тарихи және өзге де дәстүрлерді, қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарын ескеру;

      4) балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты еркін алу және тарату құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарымен шектеуге жол берушілік.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы