⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

3-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

    3-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік   реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары  Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы 

 

       1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.  

      2. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 

      1) қоғамда білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін ақша жинау мәдениетін дамыту; 

      2) қоғамда болашақ кәсіпті немесе мамандықты саналы түрде таңдауды қалыптастыру. 

      3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 

      1) заңдылық; 

      2) жариялылық; 

      3) білім беру жинақтау салымы мен білім беру жинақтау сақтандыруының нысаналы мақсаты; 

      4) азаматтардың, қатысушы банктердің және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуға қосылуының еріктілігі; 

      5) халықтың Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуын мемлекеттік тұрғыдан көтермелеу. 

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы. 

      Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы