⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Қызметкерлердің жауаптылығы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

21-бап. Қызметкерлердің жауаптылығы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Қызметкерлердің жауаптылығы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы 

      1. Өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік жауаптылықта болады. 

      2. Көрінеу құқыққа қайшы бұйрықты немесе нұсқауды орындау қызметкерді жауаптылықтан босатпайды. 

      Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған кезде бұл жөнінде ол өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша растаған жағдайда қызметкер, егер оны орындау қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға міндетті. Қызметкердің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауаптылықта болады. 

      3. Қызметкерлердің əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

      4. Құқыққа қайшы әрекеттерімен арнаулы мемлекеттік органға келтірілген материалдық нұқсан үшін қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болады. 

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VІ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы