⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Әскери атақты беру, төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру тәртібі Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

20-бап. Әскери атақты беру, төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру тәртібі Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Әскери атақты беру, төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру тәртібі Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы 

       Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттілерге, оның ішінде жоғары офицерлер құрамына әскери атақтарды мерзiмiнен бұрын берудi қоса алғанда, оларды беру, төмендету, қалпына келтіру, әскери атағынан айыру Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жоғары офицерлер құрамын қоспағанда, әскери атағынан айырылған адамның әскери атағы тек сот ақтау үкімін шығарған немесе ақтау негіздемелері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда қалпына келтiрiледі. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айырылған адамға әскери атағы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қалпына келтіріледі.

      Әскери атақтарда еңбек сiңiрген мерзiмi мынадай:

      1) сержанттық құрамға:

      кіші сержанттарға - бір жыл;

      сержанттарға - екі жыл;

      аға сержанттарға - үш жыл;

      3-сыныпты сержанттарға - төрт жыл;

      2-сыныпты сержанттарға - бес жыл;

      1-сыныпты сержанттарға - алты жыл;

      2) офицерлер құрамына:

      лейтенанттарға - екі жыл, ал бес жыл әскери, арнаулы

      оқу орнындағы оқу мерзімі

      барларға – бір жыл;

      аға лейтенанттарға - үш жыл;

      капитандарға (капитан-лейтенанттарға) - төрт жыл;

      майорларға (үшiншi дәрежелi капитандарға) - бес жыл;

      подполковниктерге (екiншi дәрежелi - жеті жыл;

      капитандарға)

      болып белгіленеді.

      Қатардағы, жоғары сержанттық құрамға, полковниктерге (бірінші дəрежелі капитандарға) жəне жоғары офицерлік құрамға əскери атақтарындағы еңбек сіңірген жылдары белгіленбейді.

      Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметке қызметін ауыстыру тәртібімен кіретін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне әскери атақ уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын қайта аттестаттау тәртібімен, қазіргі бар арнайы атағынан төмендетілмей беріледі.

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы. 

           Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы