⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. 

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының күші Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, сондай-ақ оның шегінен тыс жерде әрекет ететін мемлекеттік аудит объектілеріне қолданылады. 

      3. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

      4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы