19-бап. Ұлттық ұланның кадрларын даярлау және олардың кәсіби деңгейін арттыру Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы
1. Ұлттық ұланға офицерлер даярлауды Қазақстан Республикасының жоғары оқу және әскери оқу орындары, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және келісімшарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелде оқыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес шет мемлекеттердің жоғары оқу және әскери оқу орындары жүзеге асырады.
2. Сарбаздар мен сержанттарды даярлау және қайта даярлау Ұлттық ұланның және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының оқу әскери бөлімдерінде (орталықтарында), сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және келісімшарттарға сәйкес шет мемлекеттердің әскери оқу орындарында жүзеге асырылады.
3. Ұлттық ұланның офицерлік құрамының және сарбаздар мен сержанттар құрамдарының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілерінің кәсіби деңгейін арттыру Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне және келісімшарттарға сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында, оның ішінде әскери оқу орындарында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы