19-бап. Тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi әкiмшiлiктiң құқықтары мен мiндеттерi Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы
1. Балалар ауылының әкiмшiлiгi, тәрбиеленушiлердің кез келген жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарында, оның iшiнде соттарда, бұған арнайы өкiлеттiктерi болмаса да, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға әрекет ететiн заңды өкiлi болып табылады.
2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган әкiмшiлiк пен балалардың мүдделерi арасында қайшылықтар бар екенiн анықтаса, әкiмшiлiк балалардың мүдделерiн қорғауға құқылы емес. Олардың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың мүдделерін білдіруші етіп тәрбиеші-ананы тағайындауға тиiс.
3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi баланың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша денсаулық паспортының көшірмесін, оны тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы және оның мүлкін басқару туралы есептерді қорғаншы және қамқоршы органға кем дегенде жылына бiр рет ұсынуға тиiс.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы.
Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы