19-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осы баптың 2 – 5-тармақтарына сәйкес басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, таниды.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның сапаны бақылауынан өткен ішкі аудит қызметтерінің сәйкестігіне мемлекеттік аудиттің нәтижелерін таниды.
2. Жоғары аудиторлық палата тексеру комссиялары, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері мемлекеттік аудитінің нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізеді.
3. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган, егер Жоғары аудиторлық палата , ревизиялық комиссиялар және ішкі аудит қызметтері жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
4. Ревизиялық комиссия, егер Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
5. Ревизиялық комиссия, егер ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
6. Мемлекеттік аудит нәтижелері танылған жағдайларда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит материалдарын негізге ала отырып, мемлекеттік аудит көлемін қысқартады.
7. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бірыңғай дерекқорына тиісті ақпаратты енгізе отырып, мемлекеттік аудитті жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органын және мемлекеттік аудит объектісін басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін танымау фактісі туралы хабардар етеді.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы