⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалу мониторингі Кәсiптiк одақтар туралы Заңы

19-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалу мониторингі Кәсiптiк одақтар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалу мониторингі Кәсiптiк одақтар туралы Заңы 

      1. Кәсіподақтар әлеуметтік әріптестікке: 

      1) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, өңірлік үшжақты комиссияларда жұмыс істеу; 

      2) келісімдер мен ұжымдық шарттардың жобаларын әзірлеу және оларды жасасу; 

      3) жұмыс берушілермен, олардың бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен), мемлекеттік органдармен еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша консультациялар (келіссөздер), қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарына кепілдіктерді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру арқылы қатысады. 

      2. Кәсіподақтар қабылдайтын шешімдер, ұжымдық шарттардың ережелері әлеуметтік әріптестік органдары қабылдайтын шешімдерге және бас, салалық және өңірлік келісімдердің ережелеріне сәйкес келуге тиіс. 

      3. Кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторингті жоғары деңгейдегі кәсіподақтар: 

      1) жергілікті кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына – өздері мүшелік ұйымы болып табылатын салалық кәсіподақтар; 

      2) аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына – өздері мүшелік ұйымы болып табылатын республикалық кәсіподақтар бірлестіктері жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ. 

      Осы Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы