18-бап. Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өту Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы
1. Мынадай төтенше жағдайларға:
1) дүлей зілзалаларға, апаттарға, аварияларға, авариялық жағдайға және адамдардың өміріне немесе денсаулығына, қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың, сондай-ақ әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да жағдайларға;
2) қазақстандық немесе шетелдік бүлінген кемені, шетелдік әскери корабльді, мұз үстімен жылжитын құралдарды тіркеп сүйретуге;
3) құтқарылған адамдарды жеткізуге;
4) қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың экипаж мүшелеріне немесе жолаушыларына шұғыл медициналық көмек көрсетуге байланысты Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өту (белгіленген орындардан, теңіз немесе әуе дәліздерінен тыс) оны кесіп өту тәртібін бұзу болып табылмайды.
2. Қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың капитаны (кеме жүргізушісі), әуе кемесінің командирі Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өткен немесе Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай бағытта жүрудің осы Заңда айқындалған тәртібін мәжбүрлі түрде сақтамаған жағдайда:
1) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне дереу хабар беретін жақын жердегі қазақстандық теңіз немесе өзен портының, әуежайдың немесе әуеайлақтың әкімшілігін дереу хабардар етуге;
2) көмек көрсету немесе болған мән-жайларды анықтау үшін келген, уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының шекаралық немесе әскери кораблі командирінің, теңіз, өзен кемесі капитанының немесе әуе кемесі командирінің нұсқауларына сәйкес әрекет етуге міндетті.
3. Өзге де адамдар және көлік құралдары Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өткен немесе Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай жүрудің осы Заңда айқындалған тәртібін мәжбүрлі түрде сақтамаған жағдайда:
1) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жақын жердегі аумақтық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшесінің) басшылығына дереу хабардар етуге;
2) болған мән-жайларды анықтау үшін келген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілінің нұсқауларына сәйкес әрекет етуге міндетті.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы