18-1-бап. Жол жүру құжаты Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы
1. Жол жүру құжаты:
1) босқын мәртебесі берілген адамға Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде жүріп-тұру үшін беріледі.
2) алып тасталды – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Жол жүру құжаты бір жылға қолданылу мерзімімен беріледі, бұл ретте босқындар үшін жол жүру құжатының қолданылу мерзімі босқын куәлігінің қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Ескерту. 2-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы.
Осы Заң жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негіздерін айқындайды, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою жөніндегі қызметті реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы