⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-1-бап. Электрондық, гибридтік поштаның көрсетілетін қызметтері Пошта туралы Заңы

18-1-бап. Электрондық, гибридтік поштаның көрсетілетін қызметтері Пошта туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-1-бап. Электрондық, гибридтік поштаның көрсетілетін қызметтері Пошта туралы Заңы 

      Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтері аутентификацияланған көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылары арасында мұндай берудің жөнелтілуін және жеткізілуін растай отырып хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды электрондық түрде беруден және алынған хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етуден тұрады. 

      Гибридтік поштаның көрсетілетін қызметтеріне гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер жатады. 

      Пошта операторлары көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда берген өтінішке сәйкес көрсетілетін қызметтерді пайдаланушыларды ерікті негізде тіркеуді жүзеге асырады. Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерін аутентификациялау және ұсыну тәртібі пошта операторы мен көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы арасындағы пайдалану келісімі негізінде айқындалады. 

      Электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыны аутентификациялау электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. 

      Пошта операторлары электрондық пошта штемпелін қолданады, ол хабарламаларды, ақпаратты, хаттар мен құжаттарды электрондық түрде беруді және көрсетілетін қызметтердің бір немесе бірнеше пайдаланушысы белгілі бір уақытта жүргізген операцияның төлнұсқалығын тиісті нысанда растау болып табылады. 

      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы