17-бап. Қызметкерлердің қызмет өткеруге байланысты құқықтары Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы
1. Қызметкерлердің:
1) лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
2) өздерінің құқықтары мен лауазымдық міндеттерін айқындайтын құжаттармен танысуға;
3) лауазымдық міндеттерін атқарумен байланысты мемлекеттік органдарға, ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға белгіленген тәртіппен кіріп-шығуға;
4) егер лауазымдық міндеттерін орындау мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді пайдаланумен байланысты болса, белгіленген тәртіппен осындай мәліметтерге қол жеткізуге;
5) қызметтік іс-әрекет нәтижелері, қызмет өтілі мен біліктілік деңгейі ескеріле отырып, қызметте өсуіне;
6) жеке ісіне енгізілгенге дейін өздерінің қызметтік жұмысы туралы пікірлермен жəне басқа да құжаттармен, жеке іс материалдарымен (мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ өздерінің жазбаша түсініктемелерін жəне басқа да құжаттар мен материалдарды жеке іске қосуға;
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен қайта даярлықтан өтуіне және біліктілігін арттыруына;
7-1) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен тағылымдамадан өтуіне;
7-2) уәкілетті басшымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарына (курсанттар мен тыңдаушылардан басқа) түсуіне;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз өмірінің, денсаулығының және мүлкінің, өз отбасы мүшелері өмірінің, денсаулығының және мүлкінің мемлекеттік қорғалуына;
9) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің дербес деректерінің қорғалуына;
10) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ қызметін өткеруге байланысты жеке дауларды шешу үшін бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға, жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге;
11) медициналық қамтамасыз етілуге және санаториялық-курорттық емделуіне;
12) зейнетақымен қамсыздандырылуға және әлеуметтік қорғалуға;
13) тұрғын үймен қамтамасыз етілуге;
14) қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметінің тиісінше ұйымдастырушылық-техникалық және санитариялық жағдайлары жасалуына;
15) осы Заңға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалуына;
16) оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қызметкерлерге өз құзыреті шегінде өздеріне жүктелген міндеттеріне сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар беріледі.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы