17-бап. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілері және филателиялық өнім Пошта туралы Заңы
1. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін айналымға енгізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды уәкілетті орган Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес айқындайды. Мемлекеттік пошта төлемі белгілерінің түрлерін және көлемдерін бекіту, пошта айналымына енгізу және оларды айналымнан алу тәртібі, сондай-ақ жасауды, шығаруды және өткізуді ұйымдастыру уәкілетті орган бекітетін пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларында айқындалады.
3. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін жасаудың, шығарудың және өткізудің ұйымдастырылуын Ұлттық пошта операторы жүзеге асырады.
4. Заңсыз шығарылған пошта төлемінің мемлекеттік белгілері айналымынан қорғану мақсатында Ұлттық пошта операторы Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдердің төлнұсқа маркалары тізіліміне енгізу үшін әрбір жаңа шығарылымның және әрбір номиналдың үш пошта маркасын қажетті ақпаратпен бірге (шығарылған күні, техникалық сипаттамасы және басқа да қажетті деректер) Дүниежүзілік пошта одағының атына жіберіп отырады.
5. Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша филателиялық өнім ретінде қолдану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін пошта айналымынан алуды жүзеге асырады.
6. Пошта төлемінің мемлекеттік белгісінің пошта айналымы оны айналымға енгізген күннен кейін кемінде екі жыл жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы