17-бап. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация Пробация туралы Заңы
1. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация:
1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын, өзіне сот әкімшілік қадағалау белгілеген;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру бас бостандығын шектеуге ауыстырылған;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру айыппұлға ауыстырылған;
5) сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеген адамға қатысты қолданылады.
2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация оның тұрғылықты жері бойынша полиция жүзеге асыратын пробациялық бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуі нысанында қолданылады.
3. Сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында жүзеге асырылады.
4. Бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылған адамға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация осы Заңның 15-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
5. Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүгіну арқылы олардың бастамасы бойынша оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында жүзеге асырылады.
6. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және пробация ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қағидаттарын, түрлерін және жүзеге асыру нысандарын, сондай-ақ өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың және оны жүзеге асыратын субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы