⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес  Педагог мәртебесі туралы Заңы

16-бап. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес  Педагог мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес  Педагог мәртебесі туралы Заңы 

      1. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің қызметі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады. 

      2. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. 

      Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы ескеріле отырып, педагогті тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім – білім беру ұйымы басшысының актісімен, білім беру ұйымының басшысын тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім білім беруді басқару органы басшысының актісімен қабылданады. 

      3. Педагогтік әдепті сақтау туралы мәселе қаралған кезде педагогтің: 

      1) қаралып отырған мәселе туралы ақпаратты жазбаша түрде алуға; 

      2) қаралып отырған мәселе бойынша барлық материалдармен танысуға; 

      3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке өзі немесе өкілі арқылы заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға; 

      4) шешімді жазбаша түрде алуға; 

       5) қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.  

      4. Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер оның келісімімен ғана жариялануы мүмкін. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң педагог мәртебесін айқындайды, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы