⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары  Әділет органдары туралы Заңы

16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары  Әділет органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары  Әділет органдары туралы Заңы 

      Әдiлет органдары халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру; 

      2) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын заем шарттарына заң сараптамасын жасау; 

      2-1) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді ұйымдастыру; 

      2-2) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру; 

       3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң сот тапсырмалары мен өтiнiштерiн орындау;  

      4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiр iзге түсiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу; 

      5) санаткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға белгiленген тәртiппен қатысу; 

       6) халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жасау.  

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы