⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі Жайылымдар туралы Заңы

15-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі Жайылымдар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі Жайылымдар туралы Заңы 

      1. Елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады. 

       2. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде ғана, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға рұқсат етіледі. 

      Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормаларынан асып кеткен кезде жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдардың алаңдарын ұлғайту мақсатында бұрын берілген жайылымдарды Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылуы мүмкін. 

      3. Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдардың басқа учаскелеріне, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарға орны ауыстырылады. 

      4. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жайылымдар беру туралы жеке шешімін шығару талап етілмейді. 

      5. Бір аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің пайдалануына беруді аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұсынысы бойынша ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 

      6. Бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды басқа ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың пайдалануына беруді ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 

      7. Бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы жайылымдарды басқа облыстың пайдалануына беруді облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. 

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы