15-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы Өзін-өзі реттеу туралы Заңы
1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) – жеке тұлғалардың және (немесе) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) – заңды тұлғалар өкілдерінің арасынан қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында немесе өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген жағдайларда, өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органына тәуелсіз мүшелер кіруі мүмкін.
Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болумен (қатысумен) байланысы жоқ және өзін-өзі реттейтін ұйыммен, оның мүшелерімен (қатысушыларымен) еңбек қатынастары жоқ адам тәуелсіз мүше деп есептеледі.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының мүшесі өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысы туралы жазбаша нысанда мәлімдеуге міндетті.
3. Өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының мүшесі өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысы және осыған байланысты өзін-өзі реттеу субъектілерінің заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы туралы мәлімдеу міндетін бұзған жағдайда, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы осы мүшенің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады.
5. Өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының сандық құрамы, қалыптастыру, қызмет ету, шешімдер қабылдау, өкілеттіктерін тоқтату тәртібі мен шарттары өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.
6. Өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының құзыретіне мынадай мәселелер:
1) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) өзін-өзі реттейтін ұйымның мамандандырылған органдарын құру, олар туралы ережелерді және олардың қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
3) өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының қызметіне тексерулер жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
4) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының лауазымына тағайындау және оларды лауазымынан босату үшін кандидатты не кандидаттарды ұсыну;
5) өзін-өзі реттейтін ұйым құрған төрелікте өтініштері бойынша қаралатын дауларға қатысушылардың таңдауы үшін, кандидатуралары төрешілер ретінде ұсынылуы мүмкін адамдардың тізбесін бекіту;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген негіздер бойынша өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болып кіру немесе өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы шешім қабылдау;
7) өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген өзге де мәселелер жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мәселелер өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысымен өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылуы мүмкін.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы