⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

14-бап. Бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы 

       1. Жергілікті атқарушы орган осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 13-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде бейбіт жиналыстар өткізуден: 

       1) егер олардың мақсаттары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзу болып табылса; 

       2) егер бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы осы Заңның 5-бабының 6-тармағында аталған тұлға болса; 

      3) егер мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, денсаулық сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына қатер төнсе; 

       4) егер бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы осы Заңның 10 және 12-баптарында белгіленген, бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаның немесе келісуді алу туралы өтініштің мерзімдерін бұзса; 

       5) осы Заңның 10-бабының 3-тармағында және 12-бабының 2-тармағында көрсетілген ақпарат толық берілмеген немесе бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының немесе оның өкілінің (болған кезде) қолтаңбасы болмаған жағдайда; 

       6) ұсынылған құжаттардың анық емес екендігі немесе бейбіт жиналыстарды өткізу үшін қажетті құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда;  

       7) егер бейбіт жиналыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін қаржыландыруды:  

       жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар;  

      қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлға; 

       шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар жүзеге асырса;  

       8) осы Заңның 2-бабының 4-тармағында, 9-бабының 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда; 

      9) егер қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып түссе; 

      10) егер осындай іс-шараларды өткізудің болжамды уақытында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда басқа ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шаралардың өткізілуі жоспарланса, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырылып жатса, бас тартады. 

      ҚР Конституциялық Сотының 20.01.2025 № 61-НҚ нормативтік қаулысымен 1-тармағының 10) тармақшасы осы Заңның 8-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының, 11-бабы 1-тармағы бірінші бөлігі 3) тармақшасының және 3-тармағының ережелерімен өзара байланыста төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: егер белгіленген мерзімде бейбіт жиналысты ұйымдастырушының бейбіт жиналысты өткізу орнын және (немесе) уақытын өзгерту туралы ұсыныспен келісетіні туралы жауабы алынбаса немесе ол келіспейтінін білдірсе, жергілікті атқарушы орган осы негіз бойынша бейбіт жиналысты өткізуден бас тартады.       Жергілікті атқарушы органның мұндай ұсынысты бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға бас тарту туралы шешім қабылданар алдын енгізуі міндетті болып табылады.   

      2. Бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту туралы шешім негізді әрі уәжді болуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шағым жасалуы мүмкін. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы