⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Кинематография туралы Заңы

13-бап. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Кинематография туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Кинематография туралы Заңы 

      1. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. 

       2. Мыналар:  

       1) жоғары орган - жалғыз акционер;  

      2) басқару органы - директорлар кеңесі; 

      3) атқарушы орган - басқарма; 

      4) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жарғысына сәйкес өзге де органдар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының органдары болып табылады. 

      3. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ішкі аудит қызметін құрады. 

      4. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының активтері мыналар: 

      1) мемлекеттік мүлік; 

       2) осы Заңның 12-бабының 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың аударымдары; 

      3) ерікті мүліктік жарналар мен өзге де тұлғалардың қайырмалдықтары; 

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына түсетін өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады. 

      5. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы: 

      1) қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде отыз пайызы мөлшеріндегі мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін қаражатты қоспағанда, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну; 

      2) Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       3) тармақша осы Заңның 18-бабына сәйкес 31.12.2025 дейін қолданылады.  

      3) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу жөніндегі бірыңғай операторы болып табылады. 

      6. Фильмді ұлттық деп тану жəне Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан шығармашыл қызметкерлер, мəдениет қызметкерлері мен кинематография саласындағы сарапшылар қатарынан Сараптама кеңесі – консультативтіккеңес ші орган құрылады. 

      6-1. Кинематография саласындағы ұсы ныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан мемлекеттік органдар, кинематография қызметінің субъектілері өкілдерінің жəне кинематография саласындағы сарапшылардың қатарынан Ұлттық кинокомиссия – консультативтік-кеңесші орган құрылады. Ұлттық кинокомиссия туралы ережені жəне оның құрамын уəкілетті орган бекітеді. 

      7. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен өтеледі. 

      8. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде фильмдерді шығару "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 29.09.2022 № 143-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

      Осы Заң кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы