⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кадр әлеуетін дамытуды қолдау Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

13-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кадр әлеуетін дамытуды қолдау Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кадр әлеуетін дамытуды қолдау Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы 

      Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кадр әлеуетін дамытуды қолдау: 

      1) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының жұмыскерлеріне ақпараттық, консультациялық қолдау ұсыну; 

      2) меншік нысандарына қарамастан ұйымдармен, оның ішінде шетелдік ұйымдармен де қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары жұмыскерлерінің тәжірибе алмасу, тағылымдамадан өту, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша келісімдерге қол жеткізу; 

      3) техникалық жоғары оқу орындары түлектері арасынан оларды қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарында кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігімен, персоналды іріктеуді жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау; 

      4) уәкілетті орган ұсынатын мәліметтердің негізінде қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтарды мемлекеттік білім беру тапсырысына қосу; 

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадр әлеуетін дамытуды қолдаудың өзге де шараларын көрсету арқылы жүзеге асырылады. 

 

      Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы