⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Қаржылық есептiлiк элементтерi  3-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТIЛIК Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заңы

13-бап. Қаржылық есептiлiк элементтерi  3-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТIЛIК Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Қаржылық есептiлiк элементтерi   3-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТIЛIК Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заңы 

       1. Активтер, мiндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептiлiк элементтерi болып табылады.  

       Активтер - дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар.  

       Мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.  

       Капитал - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның активтерiндегi барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлес.  

       2. Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей байланысты элементтер болып табылады.  

       Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.  

       Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.  

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы