13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қайшы келмейтін көлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың мынадай қағидаттарын сақтауға міндетті:
1) тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету өлшемдерін осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қанағаттандыру мақсатында бейімдеу;
2) тауарларды ұсынудың, жұмыстарды орындаудың және қызметтерді көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету.
2. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану тәртібін белгілейді және оның сақталуын қамтамасыз етеді. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануды оператор жүзеге асырса, пайдалану тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе бар болған кезде пайдалану шартында айқындалады.
3. Жекеше әріптес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа кезде, қызметтер көрсетуге қатысты бір тұлғаға басқалар алдында артықшылық жасауға құқылы емес.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты кемінде бес жыл мерзімге белгіленеді.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның жүзеге асырылу тәсілдерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындау мен іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы