12-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы
Өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары мыналар:
1) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы;
2) өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы;
3) өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы;
4) өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссиясы) болып табылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымда алқалы басқару органының функцияларын өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы жүзеге асыруы мүмкін.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарының басшылары мен мүшелерін сайлау мерзімдері мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы