12-бап. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда- ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сəйкес өтеусіз негізде жəне оқуға арналған шығыстар толық немесе ішінара өтеле отырып, өтеулі негізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында жүргізіледі.
Оқуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу жəне жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан əрі – Қорғаныс министрлігі) есебінен жүзеге асырылады.
2. Өтеусіз негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі, даярлықты бітіргеннен кейін мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервіне алынатын азаматтар тартылады. Кіші мамандарды даярлауға бөлінген тапсырысты Қорғаныс министрлігі қалыптастырады.
3. Өтеулі негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға:
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды əскери міндеттілер;
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, соның ішінде əскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі əскерге шақырылушылар тартылады.
4. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру тəртібін, сондай-ақ оқу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
5. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша білім алатын əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жұмылдыру ресурстарына не кіші мамандарға қажеттілікті негізге ала отырып айқындайды.
6. Əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді əскери- техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқытудың басталуы мен аяқталуы болып Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы басшысының оқуға қабылдау жəне оны бітіру туралы бұйрықтары шыққан күн есептеледі.
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқып жатқан азаматтар оқу кезеңінде əскери қызметші мəртебесіне ие болмайды.
7. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 8. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 9. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 10. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында сабақтар өткізілетін уақытта көрсетілген ұйымдарда оқытудан өтіп жатқан қызметкерлерге жұмыс берушілер оқу демалыстарын беруге міндетті.
12. Əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңінде əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар, заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарып жіберілмейді.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы