11-бап. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлерді әлеуметтік қолдау шаралары Ардагерлер туралы Заңы
1. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлерге мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;
2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;
3) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғынжаймен қамтамасыз етуі;
4) жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн біржолғы бiрiншi кезекте алу;
5) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алу;
7) ардагерлер жұмыс iстеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы;
8) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу;
9) білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде балдары тең болған жағдайда артықшылықты құқық;
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу кезінде орта білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді;
11) барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы;
12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу.
2. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерін және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерді жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері салт-жоралар рәсiмдерiн орындай отырып жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған ардагерінің және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагердің отбасы мүшелеріне не оларды жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
4. Осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында аталған ардагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заң ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы