11-бап. Бағалау туралы есептің сараптамасы Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы
1. Бағалау объектісінің бағалау туралы есепте белгіленген нарықтық немесе өзге құны шамасының анықтығы туралы, оның ішінде дәл осы объектіні бағалау туралы қолда бар өзге есепке байланысты да дау болған жағдайда, бағалау туралы есептің сараптамасы жүргізілуі мүмкін.
Бағалау туралы есептің сараптамасын Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалауды жүргізген бағалаушы мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасының сараптама кеңесі жүргізеді.
Бағалау туралы есептің сараптамасы бағалау туралы есепке дау айтатын тапсырыс берушінің және (немесе) үшінші тұлғаның бастамасы бойынша жүргізіледі.
Бағалау туралы есептің сараптамасы бағалау туралы есептің сараптамасына бастама жасаған тараптың есебінен жүргізіледі.
Бағалау туралы есептің сараптамасы бағалау туралы есепке дау айтатын тұлға мен бағалаушылар палатасы арасындағы шарттың негізінде жүргізіледі.
2. Бағалаушылар палатасының сарапшылық кеңесі дайындаған оң немесе теріс сарапшылық қорытынды бағалау туралы есеп сараптамасының нәтижесі болып табылады.
Бағалау туралы есептің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына сай келетіні туралы және (немесе) бағалау объектісінің бағалау туралы есепте айқындалған құнының расталғаны туралы тұжырым қамтылған сарапшылық қорытынды сарапшылық кеңестің оң қорытындысы болып танылады.
Бағалау туралы есептің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына сай келмейтіні туралы және (немесе) бағалау объектісінің бағалау туралы есепте айқындалған құнының теріске шығарылғаны туралы тұжырым қамтылған сарапшылық қорытынды сарапшылық кеңестің теріс қорытындысы болып танылады.
3. Сарапшылық кеңес теріс қорытынды берген жағдайда, тапсырыс беруші бағалау туралы есептің сараптамасы үшін төлеген ақыны бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.
4. Бағалау туралы есептің сараптамасын:
1) бағалау туралы есебіне дау айтылып жатқан;
2) осы Заңның 15-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, сарапшы жүзеге асыруға құқылы емес.
5. Алып тасталды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6 Бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу үшін белгілі бір ғылым, техника, өнер немесе қолөнер саласында арнайы білім қажет болған жағдайларда, сарапшылық кеңес жүргізілген бағалау бейіні бойынша ғалымдар мен мамандар тартуға құқылы.
7. Бағалау туралы есепке дау айтатын тұлға мен сарапшылық қорытындыны берген бағалаушылар палатасы арасында туындайтын дауларды сот қарайды.
Сарапшылық кеңестің қорытындысы сот тәртібімен анық емес деп танылған жағдайда сарапшылық кеңестің мүшелері мен бағалаушылар палатасы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы