11-2-бап. Әріптестік ұйым Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы
1. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған талаптарға, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті және дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келетін;
3) әріптестік келісім жасасқан кәсіпкерлік субъектісі осы Заңға сәйкес әріптестік ұйым бола алады.
2. Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері іріктеуге жіберіледі.
3. Үлгілік әріптестік келісімді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 2-тарау 11-2-баппен толықтырылды – ҚР 23.12.2023 № 50-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.
Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы