10-бап. Зияткерлік мектептердің білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы
1. Зияткерлік мектептер дербес әзірлеген білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ шетелдік әріптестерінің білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Білім беру бағдарламалары осы Заңда белгіленген білім беру деңгейлері бойынша Зияткерлік мектептерде іске асырылады.
Зияткерлік мектептер бағыттарын дербес айқындайды және сабақтан тыс қызмет іс-шараларының тізбесін бекітеді.
Зияткерлік мектептер тәрбие жұмысын Зияткерлік мектептердің қамқоршылық кеңесі бекіткен тәрбие жұмысы және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Зияткерлік мектептер:
1) оқуға қабылдау;
2) білім беру қызметі, оның ішінде сабақтан тыс қызмет;
3) эксперименттік қызмет;
4) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау;
5) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін сырттай бағалау;
6) білім беру мониторингі және білім беру сапасын бағалау;
7) педагогтердің біліктілігін арттыру;
8) педагогтерді аттестаттау және оны өткізудің мерзімділігі қағидаларын дербес бекітеді.
Зияткерлік мектептерде білім беру сапасын басқару Зияткерлік мектептер дербес айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Зияткерлік мектептер өздерінде іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім деңгейі туралы құжаттар береді, олар білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі. Білім туралы құжаттардың бірыңғай нысанын және оларды толтыру тәртібін Зияткерлік мектептердің қамқоршылық кеңесі бекітеді.
5. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Зияткерлік мектептер жыл сайын ресми интернет-ресурстарда білім беру қызметі туралы жылдық есепті орналастырады.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы.
Осы Заң "Назарбаев Университетінің" (бұдан әрі – Университет), "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) және "Назарбаев Қорының" (бұдан әрі – Қор) құқықтық мәртебесін және олардың құрылуы мен қызметінің айрықша құқықтық режимін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы