⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы 

      1. Ұлттық палата: 

      1) қоғамдық мониторингті жүзеге асырады; 

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік мәселелері бойынша қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізеді; 

      3) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару тиімділігіне бағалау жүргізуге қатысады. 

      2. Ұлттық палата "Іскерлік ахуал" тәуелсіз рейтингін дайындауды және жүргізуді тұрақты негізде жүзеге асырады. 

      3. Ұлттық палата Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. 

      4. Ұлттық палата мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды тұрақты негізде жүргізеді. 

      Жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметіне және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі. 

      Жылдық қорытындылар бойынша жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі. 

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы