⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне: 

      1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу; 

      2) мынадай: 

      арнайы экономикалық аймақтың мақсаттарын айқындауды, оның ережесін және нысаналы индикаторларын бекітуді қоса алғанда, оны құру туралы; 

      арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімін ұзарту шарттарын белгілей отырып, осындай ұзарту туралы; 

      арнайы экономикалық аймақты тарату туралы; 

      арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын құру немесе айқындау; 

      арнайы экономикалық аймақтың атауын өзгерту туралы шешімдер қабылдау; 

      3) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       4) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       5) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      6) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы