⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тәсілдері Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

10-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тәсілдері Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тәсілдері Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы 

      Ақпаратқа қол жеткізу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі: 

      1) сұрау салу бойынша ақпаратты беру; 

      2) ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда және осы мақсаттарда бөлініп берілген өзге де орындарда ақпаратты орналастыру; 

      3) ашық отырыстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету; 

      4) орталық атқарушы органдар (Қазақстан Республикасының қорғаныс, сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептерін тыңдау және талқылау; 

      5) ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру; 

      6) ақпаратты ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында орналастыру; 

      7) ақпаратты "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында орналастыру; 

      7-1) ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын сақтау; 

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.   

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ. 

      Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы