⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-6-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берудің негіздері мен салдары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

10-6-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берудің негіздері мен салдары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-6-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берудің негіздері мен салдары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы 

      1. Егер: 

      1) осы Заңның 10-4-бабында көзделген мерзім өтсе; 

      2) борышкер оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан бас тартса, атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына беріледі. 

      2. Берілген оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тәртіппен қайта бастауға болмайды. 

      3. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берілген жағдайда, оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың күші жойылуға жатпайды. 

      4. Оңайлатылған іс жүргізу берілген жағдайда, шығарылған инкассолық өкімдер атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде автоматты түрде кері қайтарып алынады. 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы