1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қайырымдылық туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) демеуші – демеушілік қызметті жүзеге асыратын тұлға;
2) демеушілік қызмет – демеушінің осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес демеушінің атын көпшілікке танымал ету шарттарымен демеушілік көмек көрсету жөніндегі қызметі;
3) демеушінің атын көпшілікке танымал ету – іс-шараны қаржыландырғаны және (немесе) материалдық-техникалық қолдағаны үшін көрнекі және (немесе) дыбыстық нысанда демеушінің жеке аты (атауы), оның тауарлары, тауар белгілері, жұмыстары, көрсететін қызметтері туралы ақпарат тарату;
4) ерікті қайырмалдықтар – пайдаланушыларға олардың әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешу үшін берілген ақша, сондай-ақ өзге де мүлік;
4-1) корпоративтік қайырымдылық – кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі ерікті қызметі;
4-2) кіші отан – аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;
4-3) кіші отанға қолдау көрсететін адам – кіші отанға қолдау көрсететін жеке тұлға;
4-4) кіші отанды қолдау – патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;
5) қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;
6) қайырымдылық бағдарламасы – қайырымдылық көмекті жүзеге асыру мерзімдері мен тәртібін қамтитын шаралар жүйесі;
7) қайырымдылық волонтері – қайырымдылық ұйымымен немесе пайдаланушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде өз тәжірибесін, арнайы дағдыларын, білімін, икемін, жеке байланыстарын қолдану арқылы қаражат жинауға қатысатын жеке тұлға;
8) қайырымдылық гранты – пайдаланушыға қаржылай көмек көрсету үшін бөлінетін, нысаналы пайдаланылуы есеппен расталатын ақша;
9) қайырымдылық жасаушы – қайырымдылықты жүзеге асыратын адам, филантроп және (немесе) демеуші және (немесе) меценат және (немесе) кіші отанға қолдау көрсететін адам;
10) қайырымдылық көмек – пайдаланушыға қаржылық және (немесе) материалдық жағдайын жақсарту үшін жәрдемдесу мақсатында қайырымдылық жасаушы:
жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;
демеушілік көмек түрінде;
жарғылық қызметін қолдау мақсатында коммерциялық емес ұйымға;
қызметін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалатын әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға өтеусіз негізде беретін мүлік;
10-1) қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган – қайырымдылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) қайырымдылық ұйымы – осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қайырымдылықты жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;
11-1) қаражат жинау – ерікті қайырмалдықтарды және (немесе) қайырымдылық көмекті тарту процесі;
12) меценат – меценаттық қызметті жүзеге асыратын тұлға;
13) меценаттық қызмет – меценаттың осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ғылымды, инновацияларды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға өзінің ізгілік еркі негізінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;
14) нысаналы капитал (эндаумент) – қайырымдылық жасаушы капиталдың бастапқы мөлшерін сақтау шартымен қайырымдылық көмекті жүзеге асыруға бағыттайтын қайырымдылық жасаушы капиталының бастапқы мөлшерінен түсетін инвестициялық кіріс;
15) пайдаланушы – әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуде қайырымдылық көмек алатын тұлға;
16) филантроп – филантропиялық қызметті жүзеге асыратын тұлға;
17) филантропиялық қызмет – филантроптың осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қоғамның және адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін өзінің жеке ресурстарын бөлуге негізделген ерікті қызметі.
18) электрондық қайырымдылық – электрондық тәсілмен жүзеге асырылатын ақша түріндегі ерікті қайырмалдықтарды тарту жөніндегі қызмет.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ.
Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы