Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы

 Сот практикасын қорыту нәтижелері бойынша шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы құқық нормаларын біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етті:

  1. Соттар көрсетілген санаттағы істерді қараған кезде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделгенін және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК), «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК), «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қамтитынын ескергені жөн.

Сонымен қатар соттар Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны (Кишинев, 2008 жылғы 14 қараша), Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы шартты (Мәскеу, 1998 жылғы 28 сәуір) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған басқа да халықаралық шарттарды басшылыққа алуы қажет.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы

  1. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адам шетелдік болып танылады.

Қазақстан Республикасының азаматы емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адам азаматтығы жоқ адам болып танылады (2-бап). 3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағы төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуі тиiс деп анықтайды.  Осы Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады. Көрсетілген нормалардан туындағандай, ӘҚБтК-іне және АІЖК-іне қайшы келетін «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңның 28-бабы тек соттың ғана емес, сондай-ақ бұған уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жiберу туралы шешiмдi қабылдайтын бөлігінде қолдануға жатпайды.

  1. Әкімшілік жолмен кетіру және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберу мазмұны бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны немесе заңнаманы бұзғаны үшін сот қаулысының (шешімінің) негізінде жүзеге асырылатын, шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберуді немесе уәкілетті органдардың бақылау жасай отырып, олардың өз бетімен өтіп кетуін білдіреді.
  2. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы істерді қараған кезде ӘҚБтК-нің нормаларын іске асыру тәртібімен қолданылатын әкімшілік жолмен кетірудің және АІЖК-інде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын шығарып жіберудің аражігін ажыратуы қажет.
  3. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру ӘҚБтК-нің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша берілетін негізгі немесе қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.

Шығарып жіберуді қолдануға: шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететін қызметтi жүзеге асыруы (102-3-бап); қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзуы (374-бап); діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзуы (375-бап); жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер беруі (380-бап); Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзуы (380- 2-бап); Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзуы (391-бап); Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн бұзуы (391-1-бап); шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы (394-бап); Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзу және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы (396-бап) негіз болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын алған күні қаралады. ӘҚБтК-нің 56-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер әкiмшілік iс жүргiзу барысында әкiмшілiк жолмен кетiрілуі мүмкiн адам, өзiне қатысты Қылмыстық кодекске (бұдан әрі – ҚК) сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарласа, онда iстi қарау Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiппен шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.
  2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен кетіруге әкеліп соқтыратын істі қарау кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адам міндетті түрде қатысуы тиіс.. Әкімшілік жолмен кетіру туралы шешімде көрсетілген ақылға қонымды мерзім ішінде аталған адамдар Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс (ӘҚБтК-нің 651-бабының 2-бөлігі). Соттар ақылға қонымды мерзім деп шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өзіне қатысты қабылданған шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны үшін белгіленген әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікті ескере отырып, қаулыны орындау үшін жеткілікті мерзімді түсінуі керек (ӘҚБтК-нің 394-1-бабы, ҚК-нің 330-1-бабы).
  3. ӘҚБтК-нің 56-бабының 1-бөлігі, оның ережелерінің шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен қолданылатын шығарып жіберу жағдайында қолданылмайтынын айқындайды. ӘҚБтК-нің 9-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық және оны жасағаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары тек осы Кодекспен белгiленедi.

ӘҚБтК-інде белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайларда, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiкқұқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына тартылуға тиiс емес. Көрсетілген құқықтық нормалардан шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның санкциялар ішінде әкімшілік жолмен кетіру көзделетін әкімшілік құқық бұзушылықты жасаудан көрінетін заңнаманы бұзу адамды азаматтық іс жүргізу тәртібімен шығарып жіберу негіздерінің қатарынан алынып тасталатыны туындайды.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы ішкі істер органдарының өтініші бойынша істерді қарау ерекше іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады (АІЖК-нің 36-4-тарауы). 12. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішті ішкі істер органдары шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың болған (нақты болған) және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді (АІЖК-нің 317-12-бабы).

АІЖК-нің 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес, аталған адамдарды шығарып жіберу туралы өтінішті прокурор да беруі мүмкінАІЖК-нің 317-13-бабының талаптарына байланысты шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы өтініште Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын куәландыратын мәнжайлар жазылуы тиіс. Шығарып жіберу туралы өтінішке аталған адамдардың заңнаманы бұзу фактілерін жасағанын растайтын құжаттар қоса беріледі, оған мемлекеттік органдардың құқықтық актілері, соның ішінде сот шешімдері, қаулылары, үкімдері жатады.

  1. Азаматтық іс жүргізу тәртібімен шығарып жіберу туралы шешім шығару кезінде соттар шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жасаған құқық бұзушылығын ескеруі қажет. Соттар ӘҚБтК-нің және ҚК-нің әкімшілік жазаны алып тастау мерзімі, соттылықты жою және алу салдарлары туралы тиісті нормаларды басшылыққа алуы керек. Адам сот қаулысы орындалған сәттен бастап бiр жылдың iшiнде әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелмейдi (ӘҚБтК-нің 66-бабы). Соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшiн жояды (ҚК-нің 77-бабының 7-бөлігі).
  2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішті сот іс қозғалған сәттен бастап он күн ішінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сот отырысына келмеуі, оған қатысты хабарланғаны жөнінде мәліметтер болмаса, істі қарауды кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады (АІЖК-нің 187-бабының 2-бөлігі). Осы адамдардың нақты болған жері белгісіз болса және оларды шығарып жіберу туралы өтінішті заңда белгіленген мерзімде қарау мүмкін болмаса, сот іздестіру жариялауға міндетті (АІЖК-нің 135-бабының 2-бөлігі), сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға құқылы (АІЖК-нің 243-бабының 4) тармақшасы).
  3. Шығарып жіберу үшін соттың белгілейтін мерзімдері ақылға қонымды болуы тиіс. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс мерзімді анықтаған кезде шығарып жіберу рәсімдерін қаржыландыру ерекшеліктері ескерілуі қажет. АІЖК-нің 317-14-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сот шығындарын, сондайақ шығарып жіберу бойынша шығындарды шығарып жіберілетін шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар не Қазақстан Республикасына оларды шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды өтеуге қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
  4. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі оны қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу үшін негіз болып табылады (АІЖК-нің 317-15-бабы).
  5. АІЖК-нің 332-бабының талаптарына сәйкес, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі апелляциялық тәртіппен шағым беруге және наразылық келтіруге жатпайды, бірақ кассациялық және қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Шағым немесе наразылық шығарып жіберу үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей түскен жағдайда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі кассациялық саты шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұруы тиіс (АІЖКнің 317-16-бабы).

Мұндай жағдайда бөлек сот актісін шығару талап етілмейді. Шығарып жіберу туралы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған кезде кассациялық немесе қадағалау сатысының қаулысында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс жаңа мерзім көрсетіледі. 19. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Кәмелетке толмаған адамды Қ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу белгілене отырып, шегінен шығарып жіберу

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу белгілене отырып, шегінен шығарып жіберуАстана қаласы Есіл ауданының 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 2 сотының үкімімен: Н., бұ...

Толық оқу »

55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Әркімнің Қазақстан Республикасынан тыс жерге к...

Толық оқу »

28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы

28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы      Шетел азаматы мына жағдайларда:      а) егер оның iс-әр...

Толық оқу »

54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары:...

Толық оқу »

Заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын ҚР шегінен тыс жерлерге шығудан жалтарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын ҚР шегінен тыс жерлерге шығудан жалтарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы2023 жылғы 7 желтоқсандағы №6212-23-0...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу түріндегі жаза

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу түріндегі жазаҚК 99-бабының 1 және 2-бөліктерінің санкциясы Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылға...

Толық оқу »

51-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

51-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңШетелдікті нем...

Толық оқу »

70-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

70-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқар...

Толық оқу »

151-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу

151-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу 14-тарау. КӘСІПКЕР...

Толық оқу »

113-бап. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

113-бап. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі     1. Мекемелерде ұсталатын, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыст...

Толық оқу »

151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қаз...

Толық оқу »

ҰҚК-ге азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне қатысты ақпарат беру туралы сұрау салу

ҰҚК-ге азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне қатысты ақпарат беру туралы сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құж...

Толық оқу »

Көші-қон қызметі комитетіне азаматтың шетелге шығуы туралы ақпарат беру туралы сұрау салу

Көші-қон қызметі комитетіне азаматтың шетелге шығуы туралы ақпарат беру туралы сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысы.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 201...

Толық оқу »

Борышкердің елден тыс жерлерге шығу мақсаты туралы ақпарат беру туралы өтініш

Борышкердің елден тыс жерлерге шығу мақсаты туралы ақпарат беру туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу🟩 ҚР ҚК 51-бабы. Қазақстан Республикасынан шетелдікті немесе азаматтығы жоқ а...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы ("такс фри" пилоттық жобасы)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге...

Толық оқу »

51-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкімшілік шығарып жіберу

51-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тысқары жер...

Толық оқу »

Сот орындаушылардың азаматтарды республика аумағынан шығуын уақытша шектеу

Сот орындаушылардың азаматтарды республика аумағынан шығуын уақытша шектеу Жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін қабылдау жүргізіліп жатырған сот – құқы...

Толық оқу »

26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету

26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету      1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан т...

Толық оқу »

152-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге жөнелту үшін шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын қабылдау қағидаларын бұзу

152-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге жөнелту үшін шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын қабылдау қағидаларын бұзу Теміржол, автомо...

Толық оқу »

51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы істерді қараудың сот практикасы

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы істерді қараудың сот практикасыСот практикасын жалпылау нәтижелері бойынша шетелд...

Толық оқу »