Әкімшілік істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару
ҚР АПК-нің 270-бабының 1-бөлігіне сәйкес, заңдылықтың бұзылған жағдайлары анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығарып, оны тиісті органдарға жібере алады, ал егер бұзушылықтар мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар және мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалған болса, сот жеке ұйғарым шығарып, оны басқару функцияларын жүзеге асыратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де адамдарға жібереді. Олар бір ай мерзім ішінде қабылдаған шаралары туралы хабарлауға міндетті.
Мемлекеттік сот орындаушыларына (МСО) және жеке сот орындаушыларына (ЖСО) қатысты соттар жеке ұйғарымдарды тиісті шаралар қабылдау үшін Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жібереді.
Талданып отырған санаттағы істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару практикасы соттардың жеке ұйғарымдарды сот шешімінде анықталған бұзушылықтар бойынша шығаратынын көрсетеді.
Бұл ретте, бұзушылықтар бағалау сипатында болады не сот орындаушылары тарапынан жасалған өрескел бұзушылықтар ретінде бағалануы мүмкін емес.
Әкімшілік істі қарау барысында анықталған бұзушылықтарға ден қою шарасы ретінде шығарылатын жеке ұйғарым сот шешімімен белгіленген бұзушылықтарды қайталамауға тиіс.
Сот орындаушыларына қатысты жеке ұйғарымдар шығарған кезде мынадай факторларды ескеру қажет:
- бір атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушысының заңнама нормаларын жүйелі түрде бұзуы;
- бұзушылықтар нәтижесінде атқарушылық іс жүргізу тараптары үшін туындаған елеулі құқықтық салдарлар;
- атқарушылық әрекеттер жасау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.
Атқарушылық іс жүргізудің мақсаты бұзылған немесе дауланып отырған құқықтарды не заңмен қорғалатын мүдделерді нақты қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау атқарушылық іс жүргізу саласындағы сот бақылауының нысаны болып табылады, оның мақсаты атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.
Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
ӘРПК;
ҚР АПК;
ҚР АК;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауапкершілік туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығымен бекітілген Қағидалар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысы.
Пайдаланылған қысқартулар:
ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
ҚР АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
ҚР АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
ЖС нормативтік қаулысы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары – Қағидалар;
АЭАТЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;
ЖСӘК – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
ӘІЖСА немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
МАС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
ӘД – Әділет департаменті (-тері);
МСО – мемлекеттік сот орындаушы (-лар);
ЖСО – жеке сот орындаушы (-лар).
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы