Алимент өндіру туралы істер мен даулар бойынша қорғаушы
Алимент өндіріп алу дегеніміз ол – ата-аналардың бірінен баланы асырау және тәрбиелеу үшін қаражатты мәжбүрлі түрде екінші ата-анаға немесе қамқоршыға өндіру процессі. Бұл ата-ананың ажырасуы, немесе ата-аналардың бірі, баланы тәрбиелеу немесе материалды немесе қаржылай қамтамасыз етпеген жағдайларда қажет болуы мүмкін. Балаға алимент өндіру үшін тиісті талаппен сотқа жүгіну керек.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес ата-аналар кәмелетке толмаған балаларын асырауға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асырау тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес белгілейді.
Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін, жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанында оқитын кәмелетке толған балаларын асырау туралы шарт жасасуға құқылы.
Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде, орта білімнен кейін, жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанында оқитын кәмелетке толған балаларын асырау үшін қаражатты өз еркімен ұсынбаған жағдайда. жиырма бір жасқа толғанға дейін бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
Ата-аналар арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуды қамтамасыз етпеген және сотқа талап-арыз бермеген жағдайда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган құқылы.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда кәмелетке толмаған балалар үшін алимент сотпен олардың ата-аналарынан ай сайын: бір балаға – төрттен бір, екі балаға – үштен бірі, үш балаға немесе оданда көп балаға – ата-анасының табысының және (немесе) өзге де табысының жартысы. Бұл үлестердің мөлшерін тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, сот қысқартуы немесе көбейтуі мүмкін.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы