Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 706-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі кірістеріне қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

706-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі кірістеріне қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

706-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі кірістеріне қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезидентке дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі кірістерді төлеу кезінде немесе бейрезиденттің сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі төленбеген кірістерді шегерімге жатқызу кезінде салық агенті мынадай шарттар сақталған кезде: 

     1) бейрезиденттің резиденттік мемлекетімен халықаралық шарт жасалса және ол ратификацияланса;  

     2) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 705-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде ұсынылса, халықаралық шарттың ережелерін дербес қолдануға құқылы. 

     Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 702-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс; 

     3) төленген кірістер бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің қызметімен байланысты болмаса; 

     4) бейрезидент түпкілікті кіріс алушы болып табылмаса, халықаралық шарттың ережелерін дербес қолдануға құқылы. 

     Осы бөлімнің мақсаттарында кірістерді иеленуге, пайдалануға, оларға билік етуге құқығы бар және мұндай кіріске қатысты делдалды, оның ішінде агентті, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлғаны (нақты иеленушіні) түпкілікті кірістерді алушы деп түсінген жөн. 

     2. Түпкілікті кіріс алушыға делдал арқылы сыйақы түріндегі кірісті төлеу кезінде салық агенті бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде: 

     1) сыйақы соның негізінде төленетін шартта (келісімшартта) мыналар: 

     делдалдың атауы, делдалға төленетін төлемдер мен сыйақылардың сомалары және делдал арқылы әрбір түпкілікті сыйақы алушы бойынша сыйақылардың сомалары; 

     делдалдың және осындай тұлғаның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атаулары);  

     инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі немесе оның аналогы (ол болған кезде);  

     инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетілсе; 

     2) осы Кодекстің 705-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде түпкілікті алушының резиденттігін растайтын құжат ұсынылса, осындай түпкілікті алушы резиденті болып табылатын мемлекетпен жасалған халықаралық шартта көзделген табыс салығынан босатуға немесе оның төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқылы. 

     Түпкілікті алушының резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 702-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.  

     3. Салық агенті тұрған жеріндегі салық органына төртінші тоқсан үшін салықтық есептілікті ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей түпкілікті алушының резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. 

     4. Салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда салық агенті осы Кодекстің 683 және 684-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде төлем көзінен табыс салығын ұстауға және аударуға міндетті. 

     5. Салық агенті бейрезидент-түпкілікті кіріс алушы төлем көзінен ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда оның халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидентке қайтаруға құқығы бар.  

     Артық ұсталған табыс салығын бейрезидентке қайтаруды салық агенті жүргізеді. 

     Бұл ретте бейрезидент-түпкілікті кіріс алушы салық агентіне: 

     1) мыналар: 

     мұндай тұлғаның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атаулары) көрсетіле отырып, осындай бейрезиденттің сыйақы сомасы; 

     инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы) ол болған кезде; 

     инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетілген, делдалмен жасасқан шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесін; 

     2) осындай бейрезидентке сыйақы түріндегі кіріс есепке жазылған кезең үшін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты ұсынуға міндетті. 

     Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін ұсынады. 

     6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес бейрезидентке ұсталған табыс салығы қайтарылған жағдайда салық агенті өзінің тұрған жеріндегі салық органына бейрезидент-түпкілікті кіріс алушының сыйақы түріндегі кірістерінен табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салықтық кезеңге төмендетілген салық мөлшерлемесін немесе салық салудан босату қолданылған кездегі азайтылған сомаға төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисапты ұсынуға құқылы. 

     Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентіне есепке жатқызу осы Кодексте айқындалған тәртіппен жүргізіледі.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

 

706-бап. Жекелеген салық және бюджетке төленетін төлемдер түрлерін төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Бірыңғай жер салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мынадай тәртіппен: 

      1) салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомаларды төлеу – ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде; 

      2) салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін есептелген сомаларды төлеу – есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде жүргiзiледi. 

      2. Бірыңғай жер салығын бюджетке төлеу жер учаскесі тұрған жер бойынша жүргізіледі. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

Роялти, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық есептеулері "ілеспе компоненттер" және "пайдалы қазбалар" ұғымдарын дұрыс түсінбеу және оларды бірыңғай салық салу объектісі деп тану

Роялти, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық есептеулері "ілеспе компоненттер" және "пайдалы қазбалар" ұғымдарын дұрыс түсінбеу және оларды бірыңғай салық салу объектіс...

Толық оқу »

Алтын мен күмісті өндіру кезінде жол бойында алынатын мыс өндіру объектісі болып табылмайды. Сондықтан жер қойнауын пайдаланушының роялти мен ХДПИ төлеу бойынша міндеттемелері болмайды

Алтын мен күмісті өндіру кезінде жол бойында алынатын мыс өндіру объектісі болып табылмайды. Сондықтан жер қойнауын пайдаланушының роялти мен ХДПИ төлеу бойынша міндеттемелері...

Толық оқу »

818-бап. Роялтиге және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесіне қатысты салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

818-бап. Роялтиге және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесіне қатысты салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодек...

Толық оқу »