554-бап. Төленген (өндіріп алынған) кедендiк баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, аванстық төлемдерді тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған әрекеттер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына төленген (өндіріп алынған) кедендiк баждарды, кедендікалымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне енгізілген аванстық төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздарды, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдерді тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не толық емес көлемде қайтаруға құқық беретiн анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды ұсыну, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы