Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 464-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

464-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

464-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

   1. Абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге не аварияға немесе әскери немесе жауынгерлік техниканың істен шығуына немесе әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен жауынгерлік қабілеті деңгейінің ұзақ уақыт төмендеуіне алып келген ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бұзу –

      екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Абайсызда адам өліміне алып келген дәл сол іс-әрекеттер –

      белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне алып келген іс-әрекеттер –

      белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

 

 

 

464-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің кассациялық қаулысының мазмұны

464-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің кассациялық қаулысының мазмұныКассациялық қаулы кіріспе, сипаттамалық-уәждемелік және қарар бөлікт...

Толық оқу »