34-бап. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия болған кезде, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жол беріледі.
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін, бұл жөнінде уәкілетті органға хабар берілетін жұмыстарды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына археологиялық жұмыстардың басталатыны туралы оларды бастағанға дейін хабар беруге міндетті.
2. Археологиялық жұмыстар жоспарлы және жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар болып бөлінеді.
Жоспарлы археологиялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады. Жоспарлы археологиялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.
Уәкілетті орган археологиялық жұмыстар жоспарын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға қалыптастырады.
Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар осы Заңның 30-бабына сәйкес жүргізіледі.
3. Археологиялық жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды жүргізген жеке және заңды тұлғалар объектіде консервациялау-рекультивациялау жұмыстарын жүргізуге міндетті.
4. Қазақстан аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық материалдар мен олжалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 242-VIII ҚРЗ
5. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде іздестірудің арнаулы техникалық құралдарын (металл іздегіштер, радарлар, магниттік аспаптар, топырақ қабатында археологиялық заттардың болуын айқындауға мүмкіндік беретін басқа да техникалық құралдар) немесе жер қазатын машиналарды археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың ғана пайдалануына жол беріледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы