Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 

    1. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі –

      авторлық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жобаларға сараптаманы жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін және (немесе) тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беруі –

      жобаларға сараптаманы жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзiмдерiн, қабылдануын және объектiнiң пайдалануға тапсырылуын қоса алғанда, жобаны iске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі –

      техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3-1. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттар, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беруі –

      ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзiмге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      көрсетілетін қызметтің және маманданудың тиісті түріне сарапшы аттестатынан айыра отырып және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына қызметке үш жыл мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғ...

Толық оқу »

317-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

317-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру кезінде Қазақстан...

Толық оқу »

317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүрг...

Толық оқу »

317-1-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің аккредиттелген заңды тұлғаларының инжинирингтік қызметтерді (жобаны техникалық қадағалау және басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларды сараптау және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру) жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы

317-1-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің аккредиттелген заңды тұлғаларының инжинирингтік қызметтерді (жобаны техникалық қада...

Толық оқу »

21-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар қызметінің ерекшеліктері Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

21-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар қызметінің ерекшеліктеріТұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы 1. Тұрғын үй құрылыс...

Толық оқу »

280-бап. Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

280-бап. Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сараптамалық жұмыстарды немесе...

Толық оқу »