⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сақтандыру шарты, егер сақтанушының қатысуымен көлік құралын басқаратын адам оны басқаруға құқылы болса, қолданылады

Сақтандыру шарты, егер сақтанушының қатысуымен көлік құралын басқаратын адам оны басқаруға құқылы болса, қолданылады

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сақтандыру шарты, егер сақтанушының қатысуымен көлік құралын басқаратын адам оны басқаруға құқылы болса, қолданылады

 № 446 заңның 11-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не көлiк құралын оны жүргізуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.

Көрсетілген норманың мазмұны бойынша сақтандыру шарты, егер сақтанушының қатысуымен көлік құралын басқаратын адам оны басқаруға құқылы болса, қолданылады.

Алматы қаласының соттары Б-ның «F» СК» АҚ-ға жауапкердің сақтандыру тӛлемін жүзеге асырудан бас тартуын, сақтандыру төлемінің сомасын өндіріп алуды заңсыз деп тану туралы талап қоюынан бас тартты, өйткені сотта сақтанушы Р. басқаруды кәмелетке толмаған Е. берген. ЖКО салдарынан Р., Е. және қарсы келе жатқан көліктің жолаушылары, оның ішінде талап қоюшының жұбайы қайтыс болған.

Соттар ЖКО жасағаны үшін кінәлі болған кәмелетке толмаған Е. көлік құралын басқаруға құқығы болмаған және АҚЖ-ны міндетті сақтандырудың қолданыстағы сақтандыру полисі жоқ деген шешімге келген.

Жәбірленушінің алдында жоғары қауіптілік кӛзі иеленуден шықпаған меншік иесі тікелей жауапты болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жергілікті соттар бұл жағдайда ЖКО сақтандыру жағдайы болып табылмайды және сақтандыру компаниясы талап қоюшының пайдасына сақтандыру тӛлемін жүзеге асыру бойынша міндеттеме алмайды деген қорытындыға келді.

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2024 жылғы 11 қаңтардағы шешімімен С-ның «Е» СК» АҚ-ға сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетін жүктеу туралы талап қоюы қанағаттандырылды.

Талап қоюшының талаптары негізді болып табылады, ЖКО салдарынан оның ұлы С. қаза болған.

Талап қоюшы АК-нің 940-бабының 1-тармағындағы «немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған» деген сөзге назар аударып, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» (бұдан әрі – Неке туралы кодекс) 145-бабының 1-тармағына сілтеме жасайды.

Талап қоюшының талаптарын қанағаттандыра отырып, бірінші сатыдағы сот Неке туралы кодекстің 145-бабына сәйкес еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз кӛмекке мұқтаж ата аналарын асырауға және оларға қамқорлық жасауға міндетті деп негіздеді.

Сонымен қатар АК-нің 940-бабы 1-тармағының мазмұны бойынша күтім алу құқығы жәбірленуші қайтыс болған кезде болуы тиіс.

Неке туралы кодекстің 145-бабы 1-тармағының сөзбе-сөз мазмұны бойынша Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің кӛмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

Яғни, ата-өналардың зейнеткерлік жасқа жетуінің бір фактісі күтім алу құқығының туындауы үшін жеткіліксіз, көмекке мұқтаждық фактісін дәлелдеу қажет.

№ 446 Заңның 25-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес сақтандыру тӛлемі туралы ӛтінішке пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжат та (кӛшірме) қоса беріледі.

 С. сақтандыру компаниясына мұндай құжаттарды ұсынбаған. Атап айтқанда С-тан анасының күтіміне алимент өндіріп алу туралы не талап қоюшының көмекке мұқтаждығы, анасы ұлының асырауындағы жӛніндегі фактіні анықтау туралы сот актілері ұсынылмаған.

Апелляциялық сатыдағы соттың 2024 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.

Сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушының (көлік құралы иесінің) мүліктік мүдделері, өмірі мен денсаулығы АҚЖ сақтандыру объектісі болып табылмайды.

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасының 2023 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен А-ның «Е» СК» АҚ-ға (кәмелетке толмаған балалардың мүддесі үшін) сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуды заңсыз деп тану және сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетін жүктеу туралы талап қоюына қатысты іс бойынша Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі шешімінің күші дұрыс жойылды.

Істің мән-жайы бойынша 2021 жылғы 10 сәуірде жүргізуші Қ. автокөлікті басқара отырып, сақтандырылушы А-тың қатысуымен рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасын жасады, соның саалдарынан А. алған жарақаттарынан қайтыс болды.

ЖКО болған кезде А-тың АҚЖ-ы «Е» СК» АҚ-да сақтандырылды. Талап қоюшының атына сақтандыру компаниясы болған оқиғаны сақтандыру жағдайы деп тану үшін негіздердің жоқтығына сілтеме жасай отырып, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім жіберді. Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен талап қою қанағаттандырылды.

Облыстық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қорытындысымен келесі негіздер бойынша келіспеді. № 446 Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.

№ 446 Заңның 3-бабына сәйкес сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауаптылығын мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.

Демек сақтандыру шарты бойынша сақтанушының (көлік құралы иесінің) мүліктік мүдделері, өмірі мен денсаулығы АҚЖ сақтандыру объектісі болып табылмайды.

Іс материалдары бойынша А. КҚ-ның иесі, сондай-ақ сақтанушы және бір мезгілде сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушы болып табылады және оған тараптар дау айтпайды.

Сақтандыру шартында сақтандырылушы адамдар ретінде ӛзге тұлғалар кӛрсетілмеген. Заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауаптылығы мiндеттi сақтандырылуға жатпайды.

Заңның 11-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауаптылығы сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.

Жоғарыда келтірілген ережелерге сай көлік құралын кімнің меншік иесінің өзі (сақтанушы/ сақтандырылушы) немесе оның қатысуымен басқа тұлғаның басқарғанына қарамастан, стандартты сақтандыру шарты бойынша тек сақтанушының (сақтандырылушының) ғана АҚЖ сақтандырылған болып саналады.

Демек А-тың қатысуымен кӛлік құралын басқару Қ-ге сақтанушы мәртебесін бермейді. Өз кезегінде А. сақтандырылушы тұлға бола отырып, бір мезгілде үшінші тұлға мәртебесіне ие болмайды.

Осылайша 2021 жылғы 10 сәуірде сақтанушы А-тың қайтыс болуы Заңның 22-бабында көзделген сақтандыру жағдайының анықтамасына жатпайды, сондықтан сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемінен негізді түрде бас тартты.

Осыған ұқсас негіздер бойынша Жоғарғы Сот М-ның кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану туралы талап қоюынан бас тартты (2023 жылғы 1 ақпандағы 3гп 11).

Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыда көрсетілген зиян келтірушінің кінәсінің болмауы заңды маңызға ие емес, өйткені АК-нің 931-бабына сәйкес жоғары қауіптілік көзінің иесі зиянның еңсерілмейтін күштің немесе жәбірленушінің пиғылының салдарынан туындағанын дәлелдеген жағдайда ғана зиянды өтеуден босатылуы мүмкін И. сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгініп, жауапкердің сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқанын көрсетіп, ЖКО оның жұбайы Х-тың кінәсінен болғанын, ол мас күйінде Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұза отырып, жолды өтуге болмайтын жерден кесіп өткенін. соның салдарынан ЖКО қазаға ұшыратумен болғанын көрсетті;

қылмыстық іс бойынша іс жүргізу М-тің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, осылайша жүргізушінің АҚЖ басталмады.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 17 шілдедегі шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, сот талап қоюшыда сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттың жоқтығын кӛрсетті.

Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы мұндай тұжырымдармен келіспеді, сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарды, бұл жағдайда қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыда кӛрсетілген зиян келтірушінің кінәсінің жоқтығы құқықтық маңызы жоқ деп дұрыс уәждеді, өйткені АК-нің 931-бабына сәйкес жоғары кауіптілік көзінің иесі, егер зиянның еңсерілмейтін күштің немесе жәбірленушінің пиғылынан болғанын туындағанын дәлелдеген жағдайда ғана зиянды ӛтеуден босатылуы мүмкін. Іс бойынша мұндай дәлелдемелер анықталмады.

№ 446 Заңның 13 - бабы 1-тармағының 2) тармақшасына көлiк құралдары иелерiнiң жауаптылығын мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар кiрмейдi.

А. және Ө. «С» СК-ге және «Е» СК-ге сақтандыру тӛлемін жүзеге асырудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Іс бойынша Ө. «С» СК-мен «H» маркалы автокӛлігі бойынша тасымалдаушының жолаушылардың алдындағы АҚЖ міндетті сақтандыру шартын жасағаны анықталды. «Е» СК мен Ы. арасында «T»» маркалы а/м пайдалану кезінде тасымалдаушының жолаушылардың алдындағы АҚЖ міндетті сақтандыру шарты және КҚ иесінің АҚЖ сақтандыру шарты жасалды.

2022 жылдың 21 наурызында жүргізуші Ы. «H» маркалы а/м-мен соқтығысып, ЖКО салдарынан «H» маркалы а/м жүргізушісі Ө. қайтыс болды, «Hyundai grand Starex» маркалы а/м жолаушыларына, оның ішінде А. мен Ө-ның денсаулығына да зиян келтірді.

Сот үкімімен Ы. ҚК-нің 345-1-бабының төртінші бөлігінде кӨзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ө. «С» СК-ге сақтандыру тӛлемін жүзеге асыруға арызбен жүгінді, оның арызынан ЖКО кезінде Ө-тің тасымалдаушы болып табылмағаны (талап қоюшылар туыс бола отырып, жүргізушімен тасымалдау шартын жасаспағанын) және Ө-тің төсымалдаушы ретінде жолаушылардың алдындағы ө-тің АҚЖ басталмағаны кӨрсетіліп бас тартылды.

Талап қоюшылар жолаушылар ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін «Е» СК-ге жүгінді.

Өз жауаптарында «Е» СК талап қоюшыларға тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауаптылығын сақтандыру шарты бойынша тӛлемдерден бас тартты, бірақ КҚ иелерінің АҚЖ сақтандыру бойынша тӛлемдер жасады.

Алматы қаласының соттары талап қоюды ішінара қанағаттандыра отырып, «Е» СК-нің бас тартуын заңды және негізді деп тануға болмайды деген қорытындыға келді, ӛйткені ЖКО кезінде «Е» СК-мен жасалған тасымалдаушының жолаушылардың алдындаңы сақтандыру шарты болған жүргізуші Ы.

ЖКО-ға кінәлі деп танылды. Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы шешімінің, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 27 наурыздағы талап қоюды қанағаттандыру бөлігіндегі қаулысының күшін жойып, Жоғарғы Соттың сот алқасы «Е» сақтандыру компаниясы көлік құралы иесінің АҚЖ сақтандыру шарты бойынша талап қоюшылар алдындағы өз міндеттемелерін (Ы.) орындағанын және сақтандыру төлемдерін жүзеге асырғанын атап өтті.

 № 444 Заңның 3-бабына сәйкес тасымалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ міндетті сақтандыру объектісі болып табылады. № 444 Заңның 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жолаушы – тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға болып табылады.

Талап қоюшылар тасымалдаушы Ы-тың жолаушылары болмаған, сондықтан тасымалдаушының АҚЖ сақтандыру шарты қолданылмайды (2024 жылғы 24 шілдедегі 3гп-302). Жамбыл облысының соттары Г-ның «Т» СК» АҚ-ға сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша № 446 және № 444 заң нормаларын дұрыс қолданды.

Ақтөбе облыстық сотының сот алқасы Е-тің «Х» СК» АҚ-ге сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап қоюына қатысты іс бойынша бірінші сатыдағы соттың қатесін түзеді.

Іс бойынша талап қоюшы Қ-тың зайыбы маршруттық автобустан құлап, алған жарақаттарынан қайтыс болғаны анықталды.

Сақтандыру компаниясы төлем жүргізуден бас тартуына негіз ретінде қаза тапқан адамның «А» ЖШС мен еңбек қатынастарында болғанын көрсеткен, алайда бұл факт расталмады.

Алқа «А» ЖШС АҚ-ның тасымалдаушы ретінде сақтандырылғанын анықтап, № 444 заң нормаларын қолдана отырып, сақтандыру компаниясының бас тартуының заңсыздығы туралы дұрыс қорытындыға келді.

Тікелей реттеу 446-Заңның 26-1-бабына сәйкес көлік оқиғасы кезінде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар адам келтірілген зиянның өтемін алу үшін, кінәсінен көлік оқиғасы болған адамды көлiк құралдары иелерiнiң жауаптылығын мiндеттi сақтандыру шарты болған жағдайда, көлік құралдары иелерінің жауаптылығын міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің сақтандырушыға жүгінуге құқылы. жауаптылығын сақтандырған Тұлғаның сақтандыру компаниясы, егер оның оның кінәсінен сақтандыру жағдайы орын алса, сақтандыру жағдайын реттеген сақтандырушыға нақты тӛленген соманы өтейді.

ҚНРДА Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 179 қаулысымен Тікелей реттеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілді. 2022 жылғы 2 қазанда «Х» сақтандыру компаниясы мен Ә-ның арасында кӛлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру шарты жасалды.

 2023 жылғы 27 шілдеде жүргізуші И. жол қағидаларын бұзып, талап қоюшы Ә-ға тиесілі автокӛлікпен соқтығысқан.

Талап қоюшы осы ЖКО-ға байланысты сақтандыру тӛлемін жүзеге асыру туралы дауды тікелей реттеу тәртібімен «Х» сақтандыру компаниясына ӛтінішпен жүгінді.

Сақтандыру компаниясө ЖКО-ға кінәлі И-нің АҚЖ сақтандырылмағанын көрсете отырып, сақтандыру төлемінен бас тартты. ЖКО-ға кінәлі адамға жүгіну жӛнінде ұсыным жасаған.

Талап қоюшының талап қоюынан бас тарта отырып, Орал қаласының №2 соты сақтандыру компаниясының әрекеттері заңды деген қорытындыға келген, өйткені Заңда және Қағидаларда ЖКО-ға кінәлі адамның сақтандыру полисінің болмауына байланысты тікелей реттеу тәртібімен сақтандыру тӛлемін жүзеге асыру көзделмеген.

Апелляциялық сатыдағы сот мынадай негіздер бойынша соттың осы тұжырымдарымен келіспеді. И. басқарған КҚ-ның иесі П. екені анықталған. ЖКО кезінде П. автомобильдің салонында болған және оның «Е» сақтандыру компаниясының қолданыстағы сақтандыру полисі болған.

№ 446 Заңның 5-бабына сәйкес өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруына орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт жасасу негiзiнде не мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатпайды.

Осылайша, И. көлік құралының иесі П-ның қасында болуымен автокӛлікті басқарғандықтан, оның АҚЖ міндетті сақтандыруға жатпайды.

Бұл жағдайда КҚ-ның иесі болатын П. мен «Е.» сақтандыру компаниясының арасында жасалған сақтандыру шарты қолданылады.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2024 жылғы 9 сәуірдегі қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Ортақ жауаптылық

АК-нің 287-бабының 1-тармағына байланысты, егер бұл шартта көзделсе немесе заңнамалық актілерде белгіленсе, ортақ міндет немесе ортақ талап туындайды.

Жоғары қауiптiлiк көздерiнiң иелерi қауiптiлiк көздерiнiң өзара iс қимылының салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян үшiн осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша ортақ жауапты болады (АК 931-бабының 2-тармағы).

«К» ӛмірді сақтандыру компаниясы СК» АҚ К. және «А.»» ЖШС-ға суброгация тәртібімен сақтандыру тӛлемін өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді, бұл өз талаптарын автобусты басқарған ЖШС-ның жүргізушісі кінәсінен болған ЖКО салдарынан Е-тың автокөлігіне зиян келтірілгеніне негіздеді.

Ерікті сақтандыру шарты бойынша талап қоюшы Е қа 2 139 244 теңге төледі. Аталған соманы жауапкерлерден ортақ өндіріп алуды сұрады. Талап қоюды қанағаттандыра отырып, Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты (2024 жылғы 15 сәуірдегі шешім) АК-нің 931 бабы 2-тармағының бірінші абзацына сілтеме жасады, алайда онда үшінші тұлғаларға зиян келтіру туралы сӛз қозғалып отырғанын ескермеген.

Бұл жағдайда АК-нің 931-бабы 2-тармағының 1-тармағы және 1) тармақшасы қолданылуға жатады, оған сәйкес жоғары қауіптілік кӛздің иесі жауапты болады.

Автобустың иесі «А» ЖШС болып табылады, ал Ю.Р. Куртнебиев онымен еңбек қатынастарында болған. Апелляциялық сатының 2024 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен сот шешімі ӛзгертілді, К-тен соманы ортақ ӛндіріп алу бӛлігінде күші жойылды.

Сонымен қатар осы

 істі зерделеу кезінде соттардың суброгация тәртібімен соманы ӛндіріп алу туралы талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімін дұрыс қолдануы туралы мәселе туындады.

Нормативтік қаулының 4-тармағының екінші абзацына сәйкес АК-нің 181-бабына сәйкес суброгация кезінде міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы талап қоюдың ескіру мерзімін және оны есептеу тәртібін өзгертуге әкеп соқтырмайды, сондықтан борышкер осы мерзімнің өткені туралы жаңа кредитордың орнына бұрынғысы әрекет еткен сияқты, дәл солай мәлімдей алады.

Суброгация тәртібімен зиян келтірушіге қатысты талап қоюды берген кезде сақтандырушы үшін талап қою мерзімінің ескіруі, сақтандыру төлемін жүзеге асыру сәтінен емес, сақтандыру жағдайы басталған сәттен бастап есептеледі.

Іс материалдары бойынша ЖКО 2000 жылғы 16 желтоқсанда орын алған, «К» өмірді сақтандыру компаниясы СК» АҚ Е-қа 2021 жылғы 2 наурызда ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін төлеген, бірақ осы талап қоюмен сотқа 2024 жылғы 25 қаңтарда ғана жүгінген.

Сотта жауапкер нормативтік қаулының 4-тармағына сілтеме жасай отырып, талап қою мерзімін 2021 жылғы 2 наурызда сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сәттен бастап емес, 2000 жылғы 16 желтоқсаннан бастап есептеу керек деп есептей отырып, талап қоюдың ескіру мерзімін қолданылғаны туралы мәлімдеді.

Соттар талап қоюдың ескіру мерзімін қолданудан бас тарта отырып, нормативтік қаулының 4-тармағының бірінші абзацына қате сілтеме жасай отырып, АК-нің 181-бабына сәйкес суброгация кезінде міндеттемелердегі тұлғалардың ӛзгеруі жүргізілмеді деген қорытындыға келді.

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының қаулысымен Талғар аудандық сотының «Е» СК» АҚ-ның А. мен О-ға суброгация тәртібімен залалды ортақ тәртіппен өндіріп алу туралы талап қоюына қатысты іс бойынша жіберген қатесі түзетілді. Алқа кӛлік құралын басқарған О-ның кінәсінен болған аварияға қарамастан, оның иесі А. жауапты екенін дұрыс кӛрсетөі.

Ортақ жауаптылық туралы материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбаудың мысалы ретінде Алматы қаласының соттары қараған Б. «Халық» СК» А-ға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша істі келтірген жөн.

Іс бойынша «Toyota Ipsum» маркалы автокөліктің жүргізушісі Г. жылқымен соқтығысқаны анықталды, соның салдарынан көлік құралы қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бағытта келе жатқан Х-тың басқаруындағы «Daewoo Nexia» маркалы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Бетпе-бет соқтығысу нәтижесінде жүргізуші Х. пен оның жолаушысы Ж. оқиға орнында алған дене жарақатынан қайтыс болған. Ж-ның екі кәмелетке толмаған баласы қалды.

ҚК-нің 345-бабының төртінші бӛлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы бойынша Г-қа қатысты іс жүргізу қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Г-тың АҚЖ «Х» СК» АҚ-да сақтандырылған. Б. жолаушылар ЖКО салдарынан қайтыс болған Ж-ның жұбайы және кәмелетке толмаған балалардың әкесі болып табылады, сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішпен жауапкерге жүгінді, оныңс өтінішінен бас тартылды.

Талап қоюшыға талап қоюдан қанағаттандырудан бас тарта отырып, жергілікті соттар Г-тың болған оқиғада кінәсі жоқ деп есептеді, сондықтан сақтанушының АҚЖ басталмаған, осыған байланысты жауапкердің сақтандыру төлемін жүзеге асыруға негіз жоқ.

Жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жоя отырып және талап қоюды қанағаттандыра отырып, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы АК-нің 931-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары қауіптілік көздердің иелері осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша көздердің (көлік құралдарының соқтығысуы және т.б.) үшінші тұлғаларға өзара іс-қимылы нәтижесінде келтірілген зиян үшін ортақ жауаптылықта болатынын көрсетті. Жоғары қауіптілік кӛздердің өзара іс-қимылы салдарынан олардың иелеріне келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі.

Осы норманың мазмұны бойынша, егер жоғары қауіптілік көздердің өзара іс-қимылы нәтижесінде олардың иелері бір-біріне зиян келтірсе, онда АК-нің 917-бабының ережелерінде белгіленген жауаптылықтың жалпы негіздерін, яғни кінәсі үшін жауаптылық қағидатын негізге алу қажет.

Егер жоғары қауіптілік кӛздердің ӛзара іс-қимылы нәтижесінде үшінші тұлғаға зиян келтірілсе, онда олардың иелерінің жауаптылығы кінәсіз болады. Автомобильдердің бірінің салонында болған жәбірленуші Ж. көлік құралдарының ӛзара іс-қимылы нәтижесінде зиян келтірілген үшінші тұлға болып табылады.

Демек, олардың иелері кінәлары ескерілмей, оның алдында ортақ жауаптылықта болады (2024 жылғы 11 маусымдағы 3gp-240).

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі Қазақстанда 2003 жылдан бастап енгізілді. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда ғана емес, сондай-ақ ЖКО-ға кінәлі анықталмаған немесе оқиға орнынан қашып кеткен кезде жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілген кезде де төлемдер жүргізеді.

Мұндай жағдайларда қорда арнайы резерв бар. М. кәмелетке толмаған қызының мүддесі үшін «F» СК» АҚ-ға, «Сақтандыру тӛлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ға (бұдан әрі - Қор) баланың әкесі Т-тің 2021 жылғы 30 қыркүйекте ЖКО салдарынан қайтыс болуына байланысты сақтандыру тӛлемін ӛндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Жамбыл облысының соттары талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Іс бойынша «Volkswagen Golf» КҚ-ның иесі Д-тің АҚЖ Сақтандыру компаниясында сақтандырылғаны анықталды. Тараз қаласының полиция басқармасы жүргізген анықтау бойынша КҚ-ның иесі Д-тің көлік құралын белгісіз адамға бергені, ол кӛлік құралын басқара алмай оны бетон бағанаға соққаны анықталды, соның салдарынан Д тің денсаулығына ауыр зиян келтірілген, ал жолаушы Т. алған жарақаттарынан ЖКО болған жерде қаза тапқан, белгісіз адам оқиға орнынан қашып кеткен. М. жәбірленуші Т-тің өміріне келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемді жүзеге асыру туралы өтінішпен Қорға жүгінді Қор М-ның өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, төлемді жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер жоқ екенін түсіндірді, өйткені азаматтық заңнама нормаларына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиян келтіргені үшін КҚ-ның меншік иесі немесе иесі жауапты болуы тиіс.

Сақтандыру компаниясы М-ның арызына жауап ретінде арыз берушіге сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушіге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжатты ұсыну қажет екенін көрсетті.

Жергілікті соттар бас тартуға қатысты талап қоюшының тарапы жоғарыда аталған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы ретінде Д-тің АҚЖ алып келетін сақтандыру жағдайының басталу фактісі дәлелденбегені жӛнінде уәж келтірді.

Жоғарғы Соттың сот алқасы іс бойынша қабылданған сот актілерін өзгертті және келесі негіздер бойынша сақтандыру компаниясынан 2100 АЕК мөлшерінде сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы жаңа шешім шығарды.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Заңның 17-1 бабының 1-тармағына сәйкес қор көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіруге жауапты адам анықталмаған жағдайда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды ӛтеу бойынша тӛлемдерді төлейді.

Осы норманың мазмұны бойынша ЖКО орнынан жасырынған адам жәбірленушіге зиян келтіргені үшін жауапты болуы тиіс.

Іс бойынша жол-кӛлік оқиғасы кезінде кӛлік құралының иесі Д. екендігі анықталды, өйткені автомобиль басқа адамдардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде оның иелігінен

шығарылғаны анықталмады. Демек, жоғары қауіп көзі келтірген зиян үшін оның иесі – Д. жауап береді, ол өз кезегінде міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушы болып табылады.

Заңның 11-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) ӛзі үшінші тұлғаларға зиян келтіру нәтижесінде не сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен көлік құралын басқаруға құқығы бар адам басқарған жағдайда туындаған сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауаптылығы сақтандырылған болып есептеледі. М. сақтандыру тӛлемі туралы арызға барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжатты – Д-тің АҚЖ басталу фактісін, атап айтқанда анықтаушының қаулысын (2023 жылғы 1 қарашадағы 3гп-457) ұсынды.

АК 841-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес осы Кодексте көзделген мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртiппен ресімдеген сақтандыру полисiне енгiзiлген талаптар мен мәлiметтер өзгертілген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Талдау кӛрсеткендей, соттар бұл норманы сақтанушы АҚЖ сақтандыру шартын жасасқаннан кейін автомобильдің мемлекеттік нөмірін өзгерткен жағдайда әртүрлі түсіндіреді.

Мәселен, Қостанай қалалық сотының 2023 жылғы 10 тамыздағы шешімімен А-тың «Е» СК» АҚ-ға сақтандыру тӛлемін жүзеге асырудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап қоюынан бас тартылды, бұл ретте сот өз шешімінде келтірген уәж бойынша № 446 Заңның 11-бабының 3 тармағына сәйкес сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы) және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.

Осының негізінде мемлекеттік тіркеудегі нөмірлік белгі пайдаланылатын кӛлік құралы туралы мәліметтердің бірі болып табылады.

Осылайша, КҚ-ны басқа мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып қайта тіркеу сақтандыру полисіне енгізілген мәліметтердің өзгеруіне жатады, сондықтан сақтандыру шартын тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қостанай облыстық сотының сот алқасы мұндай тұжырымдармен келіспеді, сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру объектісі КҚ емес, жоғары қауіптілік көзі ретінде нақты автокӛлікті пайдалану кезінде КҚ иесінің АҚЖ екенін көрсетті.

Қаралып отырған жағдайда, автомобильдің мемлекеттік нөмірін ауыстырғаннан кейін оның меншік иесі, АҚЖ сақтандырылған тұлғалар, сондай-ақ сәйкестендіру деректері бар КҚ өзгермеген. Осыған ұқсас мән-жайлар бойынша Қарағанды облысының соттары Ә тің «Е» СК» АҚ-ға талап қоюы бойынша өзге шешім қабылдаған.

Талап қоюшыға талап қоюдан бас тарта отырып, жергілікті соттар КҚ-ны басқа мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бере отырып қайта тіркеу сақтандыру полисіне енгізілген мәліметтердің өзгеруіне жатады және соның салдарынан сақтандыру шартын тоқтату үшін негіз болып табылады деген дұрыс қорытындыға келді.

Сонымен қатар, соттар Ә. міндетті сақтандыру шартын жасаспай кӛлік құралын басқарғаны үшін ӘҚБтК 230-бабының екінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. № 446 Заңның 28-бабында сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) керi талап қоюға құқығы болатын жағдайлар көзделген.

№ 446 Заңның 28-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер сақтанушының азаматтық-құқықтық (сақтандырылушының) жауапкершiлiгi оның, қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталса, кері талап қоюға құқылы Осы норманың мазмұны бойынша заң шығарушы онда қасақана әрекеттің: сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған және оның басталуына ықпал ететін екі түрін көздеген.

Нормативтік қаулының 7-тармағына сәйкес АК-нің 839-бабы 1 тармағының 1) тармақшасында кӛрсетілген сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталып қасақана жасалған іс-әрекеттер деп сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру тӛлемін алу мақсатында сақтандыру жағдайын тудыруды немесе оның басталуына жағдай жасауды кӛздейтін теріс пиғылына негізделіп жасалатын іс-әрекеттер түсініледі.

Сақтанушыда мұндай пиғылдың болуы дәлелденуі керек. Сақтандыру жағдайының басталуына ықпал ететін қасақана іс әрекеттерге АК-нің 839-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында кӛрсетілген, оған сәйкес сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы сақтанушының, сақтандырылушының және (немесе) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы.

Талдау көрсеткендей, соттар осы нормаларды қолдану кезінде әлі де қателіктер жібереді.

«Е» сақтандыру компаниясы Б. сақтандыру төлемінің сомасын ө ндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгініп, АҚЖ талап қоюшыда сақтандырылған Б. жол-көлік оқиғасына әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылғанын және ӘҚБтК-нің 610-бабы бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын атап өтті.

Іс әрекеттің заңсыздығы Б-тің көлік құралын өздігінен қозғалуды болдырмайтын шараларды қолданбай тастап, тастап кеткендіктен, кӛлік құралы жәбірленушінің мүлкіне соғылған.

Сақтандыру компаниясы жәбірленушінің пайдасына 395 159 теңге төледі, ол жауапкерден № 446 Заңның 28-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы бойынша кері талап ету тәртібімен өндіріп алуды сұрады. Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2023 жылғы 28 ақпандағы шешімімен, Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 6 маусымдағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған сақтандыру компаниясының талап қоюы қанағаттандырылды.

Сот актілерінде мына уәждер келтірілген. «Жол жүрісі туралы» Заңның 54-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында механикалық көлік құралының жүргізушісі көлік құралының өздігінен жүріп кетуін болғызбайтын шаралар қолданбай, сондай-ақ оны ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда, оның рұқсатынсыз кӛлік құралын тастап кетпеуге міндетті.

Бірінші сатыдағы сот жауапкердің әрекеттері сақтандыру жағдайының басталуына ықпал етті деген қорытындыға келді, сақтанушының АҚЖ оның сақтандыру жағдайының басталуына ықпал ететін қасақана әрекетінің салдарынан туындаған, онымен апелляциялық саты келісті.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 26-бабына сәйкес, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға ӛзiнiң әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның зиянды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалды деп танылады.

ӘҚБтК-нің 27-бабына сәйкес егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз олардың алдын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиiстi назар салған және кӛре білген жағдайда, олардың алдын алуға тиіс және солай ете алатын болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.

ӘҚБтК-нің 610-бабының бірінші бӛлігінде көзделген құқық бұзушылық қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтарға жатпайды.

Осыған ұқсас іс бойынша дұрыс қорытындыларды Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасы «Е» СК» АҚ-ның Б-қа сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша жасады.

 Іс бойынша Б. КАМАЗ маркалы көлік құралын басқара отырып, автокөліктің өздігінен қозғалуына жол бергені анықталды, бұл «Л» ЖШС-ға тиесілі қақпаға соғылып, бұл қақпаның зақымдалуына әкеліп соқтырды, материалдық шығын келтірді.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 610-бабының бірінші бөлігінде кӛзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сақтандыру компаниясының талап қоюын қанағаттандыра отырып, Павлодар өалалық соты жауапкердің кінәсі АПК-нің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес преюдициялық маңызы бар сот қаулысымен анықталды деп кӛрсеткен.

Сот шешімінің күшін жойып және талап қоюдан бас тарта отырып, апелляциялық сатыдағы сот осы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы абайсыздық түріндегі кінәні көздейтінін дұрыс көрсетті.

Яғни, жауапкердің біреуге зиян келтіру ниеті болмаған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 8 ақпандағы (3пп/143) қаулысымен Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 мамырдағы қаулысының күші жойылып, Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының «Е» СК-нің А. жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің сомасын өндіріп алу туралы талап қоюына қатысты іс бойынша 2023 жылғы 21 ақпандағы шешімін күшінде қалдырды, өйткені А-нің абайсыз әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Осыған ұқсас істер бойынша дұрыс шешімді Астана қаласының апелляциялық сатыдағы соттары («Е» СК» АҚ-ның Ә-қа талап қоюына қатысты іс бойынша 2023 жылғы 9 маусымдағы қаулы), Алматы қалалық соты («Е» СК» АҚ-ның Ш-ға талап қоюы бойынша 2024 жылғы 8 сәуірдегі қаулы) қабылдады, Алматы облысы («Е» СК» АҚ-ның Ш-қа талап қоюына қатысты іс бойынша 2024 жылғы 30 қаңтардағы қаулы, «Е» СК» АҚ-ның Х қа талап қоюы бойынша 2023 жылғы 1 тамыздағы қаулы және т. б.) № 446 Заңның 28-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса, кері талап қою құқығы туындайды.

Түркістан облысының соттарының «Е» СК» АҚ-ның А-ке сақтандыру тӛлемін ӛндіріп алу туралы талап қоюынан бас тартуы дұрыс.

Талап қоюшы өз талаптарын жол-кӛлік оқиғасы кезінде сақтанушының мас күйінде болғанына негіздеді. Сонымен бірге, бұл дәлелдер расталмады.

А. ҚК-нің 345-бабы төртінші бӛлігі бойынша, яғни екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе кӛлік құралдарын пайдалану қағидаларынг бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны анықталды.

Ал абайсызда екі немесе одан да кӛп адамның өліміне әкеп соққан, автокөлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе кӛлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйінде пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жаза ҚК-нің 345-1-бабының тӛртінші бөлігінде кӛзделген.

Нормативтік қаулының 14-тармағына сәйкес көлік құралдары иелерінің жауаптылығын сақтандыру туралы заңның 28-бабының 1 тармағы 3) тармақшасында көрсетілген көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлға деп жүргізуші куәлігі немесе тиісті санаты жоқ адамды, яғни көлiк құралын жүргiзушiде ЖКО орын алған кезде тиісті санаттағы көлік құралдары жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламаларының көлемі бойынша қажетті білімдер мен дағдылар болмаған, белгіленген тәртіппен емтихандар тапсырмаған, заңды күшіне енген сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылған, не жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі ЖКО болған күнге дейін өтіп кеткен адамды тану қажет.

 Қорытуға келіп түскен істерді талдау оларды қарау барысында жүргізушінің мехникалық беріліс қорабы бар КҚ-ны басқарғаны, ал ол автоматты кӛлік құралын жүргізу құқығына емтихан тапсырғаны анықталды.

Мұндай істөр практикада кездеседі. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының «Е» СК» АҚ ның Ө. сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюынан бас тартылған 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыра отырып, сақтанушы Ө. механикалық беріліс қорабы бар автокөлікті басқаруға құқығы жоқ тұлға бола отырып, ЖКО жасады, нәтижесінде жәбірленушіге залал сомасы төленді деген қорындыға келген.

 Бұл ретте алқа «Жол қозғалысы туралы» Заңның 73-бабының 2 тармағына сәйкес осы Заңның 74-бабында санамаланған шарттар сақталған кезде емтихан тапсырған адамдарға көлік құралдарын басқару құқығы берілетіндігін дұрыс негіздеді.

Емтихандар механикалық немесе автоматты беріліс қорабы бар кӛліктерде қабылданады.

Механикалық трансмиссиясы бар көлік құралдарында емтихан тапсырған адамдарға трансмиссияның кез келген түрімен тиісті санаттағы немесе кіші санаттағы кӛлік құралдарын басқару құқығы беріледі.

Көрсетілген норманың 12-тармағына сәйкес, егер жүргізуші куәлігінде кӛлік құралдарын басқаруға шектеулер көрсетілген болса, онда көрсетілген шектеулер сақталған жағдайда, осы жүргізуші куәлігі жарамды болып саналады.

Осының негізінде автоматты беріліс қорабы бар автокөлікке емтихан тапсыру жүргізуші куәлігінің иесіне тек автоматты беріліс қорабы бар көлік құралын басқару құқығын береді, бұл жүргізуші куәлігінде көрсетіледі. Ө. механикалық трансмиссиясы бар ЖКО жасаған авто, ал Ө. жүргізуші куәлігіне сәйкес автоматты трансмиссиясы бар автокӛлікте оқу және емтихан тапсырғаны анықталды.

№ 446 Заңның 28-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде, егер соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса, кері талап қоюға құқылы.

Көрсетілген норманың сөзбе-сөз мағынасы бойынша ақаулық пен басталған сақтандыру жағдайының арасында себеп-салдарлық байланысты анықтау қажет және ең бастысы сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) мұндай ақаулардың бар-жоғын білгенін немесе білуі керек екенін дәлелдеуі керек.ө

Талдау кӛрсеткендей, соттар ұқсас жағдайларда бұл норманы әртүрлі қолданады. Абай облысының Семей қалалық соты «Е» СК» АҚ А. сақтандыру төлемін ӛндіріп алу туралы талап қоюын қанағаттандырды.

Сотта ЖКО жауапкердің көлігіндегі дөңгелектің шығуы нәтижесінде орын алғаны анықталды. Сот «Жол қозғалысы туралы» Заңның 49-бабының 2-тармағына сәйкес жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарын техникалық жарамды күйде ұстау жӛніндегі міндет кӛлік құралдарының иелеріне жүктелетінін көрсетумен шектелді.

Сонымен қатар, аталған заңға сілтеме жеткіліксіз, сақтанушының мұндай ақаулардың бар-жоғын білгенін немесе білуі керек екенін дәлелдеу қажет.

Іс апелляциялық тәртіппен қаралмады.

Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 16 қарашадағы шешімінің күшін жойып, «Е» СК» АҚ-ның К. № 446 Заңның 28 - бабы 1-тармағының 4) тармақшасының тәртібімен сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюынан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдай отырып, ЖКО-дан кейін жауапкердің автомашинасын полиция қызметкерлері де, сақтандыру компаниясының қызметкерлері де тексермегенін, тек жөндеу кезінде ғана ступицамен доңғалақтардың шығып кету себебі анықталғанын – автомашинаның артқы көпірінің шұлығы сынғанын, оны кӛзбен қарап тексеру кезінде анықтау мүмкін болмайтыны негізге алған.

Іс материалдарында да Т.Ж. Күлшікеновтің ақаулы автокөлікпен шыққаны, ақаулық туралы анық білгені немесе оған ол туралы жолда белгілі болғаны, бірақ қозғалысты жалғастырғаны жөніндегі мән жайды растайтын даусыз дәлелдемелерді талап қоюшының тарапы ұсынбады.

Осыған ұқсас шешімді Қарағанды облысының соттары «Е» СК» АҚ ның М-қа, Атырау облысының соттары «Е» СК» АҚ-ның Ж. талап қоюына қатысты іс бойынша шығарды. 

Сақтандыру шартының негізінде сақтандыру жүзеге асырылады.

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде жүзеге асыруға міндеттенеді.

Сақтандыру нысандары:

1) міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;

2) сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік;

3) сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Қорытуға келіп түскен істерді талдау республика соттары даулардың мынадай түрлерін қарағанын көрсетті:

- көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін есептеу нәтижелеріне дау айту туралы;

- сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы;

- сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына шағым жасау туралы;

- регресс (кері талап) тәртібімен сақтанушыдан сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы;

- суброгация тәртібімен зиян келтірушіден төленген сақтандыру сомасын өндіріп алу туралы;

- сақтандыру шартын жарамсыз деп тану туралы;

- сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін өсімпұл өндіріп алу туралы;

- сақтандыру сыйлықақысын өндіріп алу туралы және т. б.

Соттылық

Аталған санаттағы істер АПК-нің 3-тарауында белгіленген соттылықтың жалпы қағидалары бойынша – жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралады.

Сақтандыру ұйымына талап қою сақтандыру шартын жасасқан филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

Сонымен қатар соттылыққа жатпауына байланысты талап қоюды негізсіз қайтару жағдайлары кездеседі.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының МАЭС 2023 жылғы 17 мамырдағы ұйғарымымен «Ш» ЖШС-ның «Е» сақтандыру компаниясы»

АҚ-ға (бұдан әрі – «Е» СК» АҚ) сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюы қайтарылды.

Қайтаруға бұл талап қоюдың ШҚО МАЭС-ке соттылығы бойынша жатпайтындығы негіз болды, өйткені жауапкер-сақтандыру компаниясы Алматы қаласында орналасқан.

Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей, АПК-нің 30-бабының үшінші бөлігіне сәйкес заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап қою филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.

Талап қоюбға және оған қоса берілген құжаттарға сәйкес талап қоюшының орналасқан жері Өскемен қаласы болып көрсетілген, Өскемен қаласында жол-кӛлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) орын алған, сақтандыру жағдайының басталуы туралы арызды Өскемен қаласында орналасқан «Е» СК» АҚ филиалы жәбірленушіден қабылдаған. Бұл ұйғарымға шағым жасалмады және заңды күшіне енді.

АПК-нің 30-бабының он бірінші бӛлігіне сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қою талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша не жауапкердің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

Номинативтік қаулының 2-тармағында мынадай түсініктеме берілген – «тұрғылықты жері» деген ұғым бұл нормада талап қоюшы – жеке тұлға туралы айтылғанын білдіреді, сондықтан талап қоюшы – заңды тұлғалар жауапкердің орналасқан жері бойынша жалпы тәртіппен талап қоюды береді.

Талдау көрсеткендей, бұл норманы дұрыс түсінбеген. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы ұйғарымымен «Н» СК» АҚ-ның Ж. регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап қоюы АПК-нің 152-бабының 2) тармақшасына (жауапкер Шымкентте тұрмайды) және АПК-нің 30-бабының он бірінші бөлігіне сілтеме жасай отырып қайтарылды.

Талап қоюшы сақтандыру компаниясына өзінің орналасқан жері – Алматы қаласы бойынша сотқа жүгіну жөнінде ұсыным жасалды.

Апелляциялық саты соттың ұйғарымын күшінде қалдырды, сонымен қатар талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алатынын көрсетті.

Бұл ретте соттар АПК-нің 30-бабының он бірінші бөлігі талап қоюшы - жеке тұлғаларға сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы талап бойынша ғана таңдау құқығын беретінін ескермеген.

Бұл жағдайда талап қоюшы – заңды тұлға сақтанушыға кері мәлімдеген. 2024 жылғы 27 ақпандағы ұйғарыммен «Е» СК» АҚ-ның М. берешек сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша істі Алматы гарнизонының әскери сотына бере отырып, Алматы облысының Балқаш аудандық соты талап қоюшының талаптары әскери қызмет мүдделерін қозғамайтынын және әскери қызметшінің әскери қызмет өткеруіне тікелей байланысты емес екенін ескермеген. Ұйғарымға шағым жасалмаған.

Мемлекеттік баж

АҚ-ға (бұдан әрі – «Е» СК» АҚ) сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюы қайтарылды. Қайтаруға бұл талап қоюдың ШҚО МАЭС-ке соттылығы бойынша жатпайтындығы негіз болды, өйткені жауапкер-сақтандыру компаниясы Алматы қаласында орналасқан.

Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей, АПК-нің 30-бабының үшінші бөлігіне сәйкес заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап қою филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.

Талап қоюбға және оған қоса берілген құжаттарға сәйкес талап қоюшының орналасқан жері Өскемен қаласы болып кӛрсетілген,

Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) орын алған, сақтандыру жағдайының басталуы туралы арызды Өскемен қаласында орналасқан «Е» СК» АҚ филиалы жәбірленушіден қабылдаған.

Бұл ұйғарымға шағым жасалмады және заңды күшіне енді. АПК-нің 30-бабының он бірінші бөлігіне сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қою талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша не жауапкердің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

Номинативтік қаулының 2-тармағында мынадай түсініктеме берілген – «тұрғылықты жері» деген ұғым бұл нормада талап қоюшы – жеке тұлға туралы айтылғанын білдіреді, сондықтан талап қоюшы – заңды тұлғалар жауапкердің орналасқан жері бойынша жалпы тәртіппен талап қоюды береді.

Талдау көрсеткендей, бұл норманы дұрыс түсінбеген.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы ұйғарымымен «Н» СК» АҚ-ның Ж. регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап қоюы АПК-нің 152-бабының 2) тармақшасына (жауапкер Шымкентте тұрмайды) және АПК-нің 30-бабының он бірінші бөлігіне сілтеме жасай отырып қайтарылды.

Талап қоюшы сақтандыру компаниясына өзінің орналасқан жері – Алматы қаласы бойынша сотқа жүгіну жӛнінде ұсыным жасалды.

Апелляциялық саты соттың ұйғарымын күшінде қалдырды, сонымен қатар талап қоюшы ӛзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алатынын көрсетті.

Бұл ретте соттар АПК-нің 30-бабының он бірінші бөлігі талап қоюшы - жеке тұлғаларға сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы талап бойынша ғана таңдау құқығын беретінін ескермеген.

Бұл жағдайда талап қоюшы – заңды тұлға сақтанушыға кері мәлімдеген. 2024 жылғы 27 ақпандағы ұйғарыммен «Е» СК» АҚ-ның М. берешек сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша істі Алматы гарнизонының әскери сотына бере отырып, Алматы облысының Балқаш аудандық соты талап қоюшының талаптары әскери қызмет мүдделерін қозғамайтынын және әскери қызметшінің әскери қызмет өткеруіне тікелей байланысты емес екенін ескермеген. Ұйғарымға шағым жасалмаған.

Мемлекеттік баж Көрсетілген санаттағы 6 бойынша мемлекеттік баж істер мӛлшерлемелері Салық кодексінің 610-бабына сәйкес айқындалады.

Салық кодексінің 616-бабының 19) тармақшасына сәйкес міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша сақтанушылар мен сақтандырушылар соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Осылайша, нормада тек міндетті сақтандыру шарттары туралы сөз қозғалып отыр және сақтанушылар мен сақтандырушылар ғана мемлекеттік бажды төлеуден босатылады, пайда алушылар мұндай жеңілдікті пайдаланбайды.

Сондықтан пайда алушы сақтандырушыға міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тӛлемін ӛндіріп алу туралы талап қойған жағдайда, ол Салық кодексінің 610-бабында кӛзделген мӛлшерде мемлекеттік баж төлеуге міндетті (егер ол ӛзге негіздер бойынша тӛлеуден босатылмаса).

Бұл жағдайда сот шығыстарын тараптар арасында бөлу АПК-нің 109-бабында кӛзделген жалпы ережелер бойынша жүргізілуге тиіс.

Яғни, егер шешім талап қоюшы-пайда алушының пайдасына шығарылса, онда жауапкер сақтандыру компаниясынан оның пайдасына сот шығыстары, оның ішінде ол тӛлеген мемлекеттік баж өндіріліп алынады.

Жергілікті соттар Салық кодексінің 616-бабының 19) тармақшасында кӛзделген жеңілдікті пайда алушыларға (жәбірленушілерге) қолдану туралы бірнеше рет ұсыныс жасады.

Мұндай ұсынысты Жоғарғы Сот 2017 жылы қорыту нәтижелері бойынша Парламентке жіберді, бірақ ол қолдау таппады.

Талап қоюдың ескіру мерзімі

Көбінесе сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы талап қоюлар өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды ӛтеу туралы талап қоюлар деп аталады.

АК-нің 187-бабының 3) тармақшасына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды ӛтеу туралы талаптарға қолданылмайды.

Сонымен қатар тараптардың (пайда алушы мен сақтандырушының) құқықтық қатынастары зиян келтіруден емес, сақтандыру шартынан туындайды.

Сақтандырудың мақсаты келтірілген зиянды өтеу емес, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) мүліктік мүдделерін қорғау, яғни сақтандыру нарығында тауар (қызмет) түрінде әрекет ететін сақтандыру қорғанысы болып табылады.

Сондықтан сақтандыру тӛлемі зиянды өтеу ретінде әрекет ете алмайды, бұл сақтандыру кәсіпкерлік қызмет түрі болып табылатын «Сақтандыру қызметі туралы» Заңның 2-бабының ережелеріне сәйкес келеді.

Демек, сақтандыру шарттарынан туындайтын талаптарға талап қоюдың жалпы ескіру мерзімі – үш жыл қолданылады.

Сот практикасында кездесетін келесі ӛзекті мәселеге назар аударамыз: сақтандыру компаниясына талап қою үшін үш жылдық ескіру мерзімін қай сәттен бастап есептеу керек.

Нормативтік қаулының 4-тармағына сәйкес бұл мерзім пайда алушыға немесе сақтанушыға (сақтандырылушыға) оның құқықтарының бұзылуы – сақтандыру тӛлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін азайту туралы шешім қабылдау туралы белгілі болған сәттен бастап, ал егер шешім қабылданбаса – сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін заңда немесе шартта белгіленген мерзім аяқталған сәттен бастап есептеледі.

Яғни сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы құжаттарды қабылдамаған, оларды қарамаған және келтірілген залал үшін өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім шығарған сәтке дейін пайда алушы оның құқықтарының бұзылғанын білуі мүмкін емес.

Мұндай жағдайда ескіру мерзімін есептеудің басталуы сақтанушы бүлінген кӛлік құралын қалпына келтіру үшін жеткіліксіз өтемақы төлеуден бас тартқан немесе шешім қабылдаған күн болады.

2001 жылы туған Ж. сақтандыру тӛлемінен бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану және сақтандыру тӛлемдерін жүзеге асыру міндетін жүктеу туралы екі сақтандыру компаниясына талап қоюмен сотқа жүгінді.

Өз талаптарында 2018 жылғы 23 шілдеде болған ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған кезінде жарақат алғаны жөнінде уәж келтірді. 2019 жылғы 15 қаңтарда оған мүгедектік белгіленді.

Жол-кӛлік оқиғасына кінәлі жүргізушілердің жауаптылығы сақтандыру компанияларында сақтандырылған.

Сақтандыру төлемі туралы арызбен сақтандыру компанияларына 2023 жылдың ақпан және наурыз айларында жүгінді.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 қазандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2023 жылғы 14 тамыздағы №2 шешімімен талап қоюдың ескіру мерзімін өткізіп алуына байланысты талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды (сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап үш жылдан астам уақыт өткен).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 мамырдағы (3гп/200) қаулысымен іс бойынша сот актілері өзгертілді, сақтандыру компанияларының біріне қойылған талаптар бӛлігінде талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданды.

Бұл ретте алқа нормативтік қаулының 4-тармағын басшылыққа алып, талап қоюшы өзінің құқығын бұзылғаны туралы – сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешімнің қабылданғаны жӛнінде 2023 жылдың ақпан және наурыз айларында білгенін көрсетті.

АК-нің 181-бабына сәйкес суброгация кезінде мiндеттемедегi адамдардың өзгеруi талап қою мерзiмi мен оны есептеу тәртiбiн өзгертуге әкелiп соқтырмайды, сондықтан борышкер осы мерзімді өткізіп алуы туралы жаңа кредитордың орнына бұрынғы кредитор әрекет еткен сияқты дәл солай мәлімдей алады.

Суброгация тәртібімен зиян келтірушіге талап қою кезінде сақтандырушы үшін талап қою мерзімі сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сәттен бастап емес, сақтандыру жағдайы басталған сәттен бастап есептеледі.

Зиян келтірген субъектіні анықтауға байланысты дау болған жағадйда талап қоюдың ескіру мерзімі осы субъектіні айқындаған сот актісі күшіне енген кезден бастап есептеледі.

Аталған норманы дұрыс қолданудың мысалы ретінде Қарағанды облысы соттарының сот актілерін келтіруге болады.

«Х» сақтандыру компаниясы 2023 жылғы 20 сәуірде С. суброгация тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Талаптарда талап қоюшы мен П. арасында автокөлікті ерікті сақтандыру шарты жасалғандығы жөнінде уәж келтірілген. 2020 жылғы 17 қаңтарда жүргізуші С. кінәсінен ЖКО жасалды, соныңс салдарынан П-нің автокөлігіне 2 149 095 теңге сомасында зиян келтірілді. С. азаматтық-құқықтық жауаптылығы (бұдан әрі – АҚЖ) сақтандырылған «С» сақтандыру компаниясы талап қоюшының пайдасына 1 837 800 теңге мөлшерінде тӛлем жүргізді.

Өтелмеген соманың қалдығы 304 795 теңгені құрады, оны талап қоюшы жауапкерден суброгация тәртібімен ӛндіріп алуды сұрады.

Қарағанды облыстық сотының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен ӛзгеріссіз қалдырылған Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы № 2 сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Соттар шешімді нормативтік қаулының 4 тармағына сілтеме жасай отырып, негіздеген және талап қою мерзімі үш жылды құрайтынын, ол 2020 жылғы 17 қаңтардан бастап есептелетінін және 2023 жылғы 17 қаңтарда аяқталатынын, талап қоюшы бұл мерзімді ӛткізіп алғанын кӛрсетті.

Сақтандырушының сақтанушыға кері талап қою тәртібімен талап қоюы үшін үш жылдық мерзім сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сәттен бастап есептеледі (№446 Заңның 28-бабы).

Дауларды сотқа дейін шешу тәртібі Сақтандыру омбудсманы Қазақстанда 2007 жылдан бастап жұмыс істейді.

Осылайша, 2007 жылғы 7 мамырдағы № 244 заңмен № 446 заң сақтандыру омбудсманының қызметін реттейтін 30-1, 30-2, 30-3 және 30-4 баптармен толықтырылды. 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI заңмен Сақтандыру қызметі туралы заң «Сақтандыру омбудсманы» деген 15-тараумен толықтырылды.

Тиісті өзгерістер № 446 заңға, № 444 заңға және басқа да міндетті сақтандыру туралы заңдарға енгізілді, оған сәйкес сақтанушы (пайда алушы) дау болған кезде өз таңдауы бойынша талаптарды көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып сақтандырушыға жазбаша өтінішпен жүгінуге не дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.

2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII заңда Сақтандыру қызметі туралы заңға және міндетті сақтандыру туралы заңдарға ӛзгерістер енгізілді, оған сәйкес сақтандыру омбудсманына жүгіну сотқа жүгінгенге дейін міндетті болып табылады.

Сақтандыру қызметі туралы заңның 90-бабының 5-тармағы жаңа редакцияда жазылды:

«Сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.»

Міндетті сақтандыру туралы заңдарға тиісті өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының (бұдан әрі – ҚНРДА) 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 60 қаулысымен сақтандыру омбудсманын сайлау және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілді.

Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру омбудсманына жүгіну сақтандыру дауларын реттеу бойынша сотқа жүгіну алдындағы міндетті қадам болып табылады. сәйкес Сақтандыру қызметі туралы заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бӛлігіне сақтандыру омбудсманы сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады.

Бұл ретте соттар сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын барлық келіспеушіліктер сақтандыру омбудсманының қарауына жата бермейтінін назарда ұстағаны жөн.

 Заң ӛтініш субъектілерін сақтандыру түрлері бойынша ажыратады және олардың талаптарының сомасын шектейді.

Осылайша, сақтанушы (сақтандырылған, пайда алушы) болып табылатын жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері сақтандырудың барлық түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы.

Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады.

Осы тұлғалардың келіспеушіліктері бойынша талаптардың сомасы АЕК-тің он мың еселенген мӛлшерінен аспауға тиіс.

Практикада туындаған сұрақ: кері талап ету құқығын (№446 заңның 28-бабы) немесе суброгация тәртібімен талап ету құқығын жүзеге асыратын сақтандыру компаниялары сақтандыру омбудсманына алдын ала жүгінуі керек пе? Мұнда № 446 Заңның 29-1-бабы 1-тармағының жаңа редакциядағы мазмұнына назар аударған жөн:

«Кӛлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) жазбаша нысанда:

талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет ресурсы арқылы) жіберуге не

Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, кӛлік құралдары иелерінің жауаптылығын міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бӛлімшесі, интернет ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.»

Осылайша, бұл нормада регресс тәртібімен талап қоятын сақтандырушы үшін емес, сақтанушы, жәбірленуші және пайда алушы үшін дауды шешу тәртібінің реттілігі туралы сөз қозғалып отыр. «J» СК» АҚ Қ-ке регресс тәртібімен сақтандыру тӛлемінің сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

ШҚО Алтай ауданы сотының 2024 жылғы 7 маусымдағы ұйғарымымен талап қоюы қайтарылды.

Қайтарудың негізі сақтандыру омбудсменінің шешімінің болмауы болды, яғни талап қоюшы АПК-нің 152-бабы 1 тармағының 1) тармақшасында көзделген дауды сотқа дейінгі реттеудің заңда белгіленген тәртібін сақтамады.

Соттың осы ұйғарымымен келіспей, талап қоюшы жеке шағым берді. Жеке шағымда талап қоюшы соттың ұйғарымының күшін жоюды сұрайды, өйткені бұл жағдайда заңда сақтандыру омбудсменінің қатысуымен дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі көзделмеген.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 25 шілдедегі ұйғарымымен «J» СК» АҚ-ның жеке шағымы оның кері қайтарып алуына байланысты қайтарылды.

Осы мәселе бойынша Абай облысы соттарының ұстанымы дұрыс. Регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы П-қа «Н» СК» АҚ-ның талап қоюы қанағаттандырылған Семей қалалық сотының шешімін күшінде қалдыра отырып, апелляциялық сатыдағы сот жауапкердің талап қоюын қараусыз қалдыру қажеттігі туралы дәлелдерін негізсіз деп таныды, өйткені істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі көзделмеген.

Суброгацияға қатысты

Суброгация (лат. subrogatio — ауыстыру) — сақтандыру өтемін төлеген сақтандырушыға өтелгеннің шегінде сақтанушыға келтірілген залал үшін жауапты адамнан өтемақы талап ету құқығының ауысуы.

Сақтандыру қызметі туралы заңның 86-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сақтандыру омбудсманы сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады.

Бұл жағдайда (суброгация кезінде) сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандыру шартынан туындайтын дау болмайды.

Сақтандыру тӛлемін жүзеге асырған сақтандыру компаниясы талаптар қоятын зиян келтіруші мүліктік сақтандыру шартының тарапы болып табылмайды.

Сақтандырушыға ауысқан 11 ету құқығы ол сақтанушы талап (сақтандырылушы) мен шығындар үшін жауапты тұлға арасындағы қатынастарды реттейтін ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

Демек, сақтандыру компаниясының сақтандыру омбудсманына жүгіну арқылы дауды сотқа дейін шешу тәртібін сақтауы жӛніндегі талапты негізді деп тануға болмайды.

Дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамауға байланысты талаптарды негізсіз қайтарудың және қараусыз қалдырудың өзге де мысалдары Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының 2024 жылғы 3 мамырдағы ұйғарымымен Г-ның «А» ЖШС-ға ЖКО салдарынан келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы заңсыз қараусыз қалдырылған.

Сот талап қоюшының дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтамағанын, сақтандыру омбудсманының шешімін ұсынбағанын көрсетті.

Апелляциялық саты Сақтандыру қызметі туралы заңның 86-бабына сілтеме жасай отырып, соттың осы тұжырымымен келіспеді, бұл талап қоюдың мәні ЖКО салдарынан келтірілген материалдық залалды, атап айтқанда ӛтелмеген сақтандыру төлемімен келтірілген залал сомасын ӛндіріп алу болып табылатындығын кӛрсетті.

Талап қоюдың құқықтық негізі деп АК-нің 917 және 924-баптарының нормаларын көрсеткен. Бұл жағдайда ЖКО-дан зардап шеккен адам және кӛлік құралының меншік иесі іс бойынша тараптар болып табылады.

Осыған ұқсас негіз бойынша М-тың Н-ке ЖКО салдарынан келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы (Алматы қаласының Жетісу аудандық соты ) қараусыз қалдырылған.

Алматы қаласының МАЭС 2024 жылғы 21 ақпандағы ұйғарыммен «Н» СК» АҚ-ның «A» ЖШС-ға регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап қоюын, наразылық жіберу арқылы дауды шешудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау қажеттігін кӛрсете отырып, негізсіз қайтарды.

Апелляциялық саты сот жіберген қатені түзетіп, мәлімделген даудың мәні дауды сотқа дейінгі реттеуді кӛздемейтінін, өйткені заңда белгіленбегенін және тараптар арасында шарттық қатынастар жоқ екенін көрсетті.

Осы тақырып бойынша сот практикасын талдай отырып, Павлодар облыстық соты:

сақтанушының (сақтандырылушы, пайда алушы) омбудсман шешім шығарғаннан кейін омбудсманның шешіміне шағым жасамай, сақтандыру компаниясына талап қоюмен тікелей сотқа жүгінуге құқығының бар-жоғы жӛнінде сұрақ қойды.

Соттар дауды сотқа дейін шешу тәртібін сақтау бөлігінде сақтандыру туралы заңнаманың көрсетілген нормаларын қолдана отырып, егер сақтандыру омбудсманы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымы арасындағы дауды қараса, онда оның шешімі сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) қабылдаған жағдайда сақтандыру ұйымы үшін міндетті және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті емес, олар сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылы екенін ескеру қажет.

Бұл ретте талап қоюдың мәні омбудсманның шешімі емес, сақтандыру компаниясының шешімі болады. Бұл жағдайда еңбек дауларын шешу ұқсастығы бойынша аналогия келтіруге болады, осы орайда дау тарапы үшін келісім комиссиясына жүгіну міндетті болып табылады, бірақ мұндай шешіммен келіспеген жағдайда тарап келісу комиссиясының шешіміне шағым жасамай, дауды шешу үшін сотқа жүгінеді. ЖКО салдарынан Қ-тың кінәсінен Т-тің автокӛлігіне зиян келтірілді, ол кінәлінің сақтандыру компаниясына жүгінді.

Сақтандыру компаниясы зиянның мӛлшерін 212 869 теңге сомасында анықтады.

Калькуляциямен келіспей, талап қоюшы сақтандыру омбудсманына сақтандыру төлемінің сомасын ұлғайту туралы арызбен жүгінді.

Сақтандыру омбудсманының шешімімен сақтандыру төлемінің сомасы 97 463 теңгеге ұлғайтылды. Омбудсманның шешімімен келіспей, Т. «J» СК» АҚ-ға калькуляция нәтижелерін жарамсыз деп тану және сақтандыру төлемінің айырмасын ӛндіріп алу талап қоюмен Тараз қалалық сотына жүгінді.

Республиканың соттары жүргізілген талдау қорытындылары бойынша өңірлерде омбудсман ӛкілдіктерін құруды ұсынады, өйткені республика бойынша барлық дауларды бір адамның шешуі жолданымдардың үлкен ағынын және оларды шешу мерзімдерін кешіктіруді тудырады.

Маңғыстау облыстық соты мен Шымкент қаласының соты ӛңірлік сақтандыру омбудсмандарын құру жөнінде ұсыныс енгізу қажет деп санайды, Абай облысының соты әр ӛңірде сақтандыру омбудсманының өкілін көздеуді ұсынады.

Алайда, Сақтандыру қызметі туралы заңның 15-тарауындағы нормаларға сәйкес республикада бір ғана сақтандыру омбудсманы жұмыс істей алатынын атап өткен жөн.

Сақтандыру қызметі туралы заңның 91-бабының 5-тармағына сәйкес Сақтандыру омбудсманының офисі сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының шешімі негізінде ақпараттық технологиялар, заңтану, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жөніндегі, бағалау саласындағы, өтініш берушілердің жолданымдарымен жұмыс жөніндегі қызметтер мен мамандарды және ӛзге де қызметтерді (мамандарды) ұстауға тиіс.

БҚО және Ақтӛбе облысының соттары «Нотариат туралы» Заңның 92-1-бабына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды, кері талап қою тәртібімен сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қою бойынша дауларды міндетті түрде соттан тыс реттеуді енгізуді (№446 заңның 28 бабы), яғни нотариустарға атқарушылық жазба алу туралы мәселе бойынша өтініш жасауды ұсынады.

Сонымен бірге қорыту мұндай талаптарды даусыз деп тануға болмайтынын кӛрсетті.

Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізуді қолдануды ұсыным жасауға болады.

Нормативтік база

Қорытылатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы,

Азаматтық кодекс (бұдан әрі – АК);

Азаматтық процестік кодекс (бұдан әрі – АПК);

Еңбек кодексі (бұдан әрі – ЕК);

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі);

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК);

 Қазақстан Республикасының заңдары:

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң);

«Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы № 435;

«Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы № 440;

«Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 444 (бұдан әрі – № 444 заң);

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446 (бұдан әрі – № 446 заң);

«Туристі міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513;

«Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580;

«Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30;

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V;

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы № 423;

«Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 8 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі – нормативтік қаулы);

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) және басқа да нормативтік құқықтық актілер.

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы