⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 18 ақпандағы № 78-V Заңы 

      РҚАО-ның ескертпесі!        Осы Хаттаманың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз. 

      2012 жылғы 4 желтоқсанда Ашхабадта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының       Президенті                                         Н. Назарбаев 

   Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама 

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті,       2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,       төмендегілер туралы келісті: 

   1-бап 

      Келісімнің 4-бабының 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:       «Осы Келісімде көрсетілген жер учаскелерін жалға алған Тараптар инженерлік желілер мен коммуникацияларды (сумен, жылумен жабдықтау, кәріз, электр энергиясы, байланыс және басқалары) өздері жалға алған жер учаскелерінің шекарасына дейін жеткізуді және шекаралары шегінде әрқайсысы өз мемлекетінің қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.». 

   2-бап 

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.       Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнің қолданысы тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.       2012 жылғы 4 желтоқсанда Ашхабад қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей.       Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады. 

      Қазақстан Республикасының                 Украинаның Министрлер            Үкіметі үшін                             Кабинеті үшін 

      РҚАО-ның ескертпесі!       Бұдан әрі Хаттаманың украин тіліндегі мәтіні берілген. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы